Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
225 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы НОТЛОНГ ДИКТОР: КАДРДАН ТЫС. Ендігі кезекте Бостон Ред Сокс ойыншылары Чикаго қаласына беттеуде. Сокс ойыншылары басқа Сокс командасының бейсболшыларымен (Чикаго Уайт Сокс) үш күнде өткен төрт ойын марафонында иық тіресіп келеді, олардың еншісінде ертең кешкі уақытта қатарынан өтетін екі ойын бар. Америка лигасының басқа ойындарындағы ұпайлар санына тоқталар болсақ: ТАБЛО ДИКТОР: КАДРДАН ТЫС ДЫБЫС. ДИКТОР: КАДРДАН ТЫС. Балтимор – 2, Миннесота – 0, Детройт – 8, Канзас- Сити – 4, Торонто – 6, Сиэтл – 0 және Янкилер мен Техас рейнжерс командалары өзара кім мықты екенін бүгін анықтайтын болады. АРДАГЕРЛЕР СТАДИОНЫ. ДИКТОР: КАДРДАН ТЫС ДЫБЫС. Филадельфиядағы Ардагерлер стадионына небәрі 6 149 адамның ойынды тамашалауға келуі Филли (Philadelphia Phillies) фанаттары үшін сирек кездесетін жағдай. Атланта Брэйвз командасының бас тартуынан команда сапына қосылған ардагер питчер (бейсбол добын лақтырушының позициясы) Робин Кёрвты Вет стадионында хитсіз өткен ойында бірінші рет көпшілік назарына таныстырды. Ол Майк Хиттста Аризона Даймондбэкс командасын 1/0 есебімен ұтқан болатын, үшінші иннингтегі жылдың 31-хоум-раны. Сол аралықта Кёрв тек бір ғана допты өткізіп, 14-інде мүлт кеткен болатын. Соның ішінде ойынның допты қайтарудағы соңғы екі мүмкіндігін де қалт жіберіп алды. Бұл туралы страйк-аутты қараңыз және финалды тамашалаңыз. ТАБЛО ДИКТОР: КАДРДАН ТЫС ДЫБЫС. Бүгін күндіз Ұлттық лиганың тек екі ойыны ғана өтті. Нью-Йорк Метс командасы Лос-Анжелес Дожерс ойыншыларын 12/2 есебімен тас-талқан етіп, Шығыс дивизионында Атланта Брейвз командасымен бірлесе көш бастап тұр, ал Атланта Брейвз өз кезегінде Сан- Диего Падрес бейсболшыларын он бірінші иннингте 5/4 есебімен жеңіп кетті. ДИКТОР: КАДРДАН ТЫС. Гольф жаңалықтарына келсек, Берни Эмс Атлантада өткен Оңтүстік Ашық ( Southern Open) чемпионатында көш бастап тұр. Ол қала сыртындағы Flying Hand клубында өткен ойында соңғы үш тесікке дәл тигізіп, 62 ұпаймен рекорд орнатты. Бес соққы бұрын турнирдің фавориті Пантер Форест саналған болатын.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==