Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 224 Комиссар И.М. Оунероунд еш жарақатсыз қатарынан 1562 ойын ойнап, рекорд орнатқан кетчер позициясында өнер көрсететін Рожер Стаминаға, жиырма жылдық карьерасында 16 ойынды қатар ойнап, «Алтын қолғап» жүдесін иеленген, жылына орта есеппен 1 667 қателік жіберген бірінші бейсмен позициясында ойнайтын Лефти Лонгармға және жыл сайын 37 хоум- рандар арасында орта деңгеймен 324 ұпай жинайтын аутфилдер Билл Боллсмэшерге (шілде айында толассыз жауған жаңбырға бола түнгі уақытта болған ойындарда солақай ойнайтын Билл Цинциннати Редс командасына қатарынан төрт мәрте Ұлттық лиганың әлемдік сериялар титулдарын жеңіп алуға көмектескен болатын) ең жоғарғы марапат ұсынбақ. Бүгін Билл Боллсмэшер өзінің айрықша карьерасы туралы айтып берді: [Әдетте сандар жаңалықтар шығарылымында ұсынылғанымен, спорт репортажындағы олардың басымдықтары бұл көрсеткішдерді әсірелемей, әдеттегі күйде пайдалануға жағдай туғызады]. БОЛЛСМЭШЕР ДИКТОР: Boston Red Sox (Бостон Ред Сокс) командасы әлі күнге дейін көктегілердің иннинг (бейсболда бір ойыншыға немесе командаға доптың бетін қайтаруға берілетін уақыт кезеңі) тәсілін оңтайлы қолдана алмауынан қиындық көріп келеді. Олар бүгін Кливленд Индианс командасынан тоғызыншы иннингта 7/6 есебімен кезекті рет жеңіліс тапты. ФЕНУЭЙ ДИКТОР: КАДРДАН ТЫС ДЫБЫС. Доп лақтырудан шебер Жек Стронгармның арқасында 6/1 есебімен алда келе жатқан Сокс командасы тоғызыншы сызықтың сол жақ тұсына қатарынан екі доп лақтырып, ұпай жинады. Сол жақ бөлікке жауапты ойыншы Жо Уикхэнд бірінші допты уысынан жіберіп алды, кейін допты екі рет лақтырды, бірақ екінші доп қолынан сусып кетті. Кейін ол жасыл құбыжық арқылы Индианс командасының екінші бейсмені Гарри Харриупке жүгіріп өтуге жол беріп қойды, артынша Стронгарм соққан доптардың бірінші базасы, үшінші бейсмен Уэйни Бобблдың қателігі, жеңген команданың ойыншысы Жастин Таймның хоум-ран тәсілін жасады. Бұл үштікте өнер көрсеткен Жо Уикхэнд ойын бағытын оң жақ бөлікке ауыстыру арқылы өз кінәсін жуып- шайғысы-ақ келіп еді, алайда Сокс командасы екі мүмкіндігін де қалт жіберіп алып, жеңіліп тынды. Сокс командасының бапкері Герефорд «Жабысқақ» (Sticky) Нотлонг өз ойыншыларының қатарынан бесінші ойында жеңіліске ұшырауы жөнінде былай дейді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==