Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

223 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы ңалықтарды ұсыну және насихаты кем спорт түріне ден қою. Спорт туралы ең маңызды репортаж, егер басқа спорт түрінің арнайы шығарылымы оның алдын орап кетпесе, бірінші болып беріледі. Әр спорт түрінің шеңберінде аталмыш ұйымдастыру тәсіліндегі жалпы схе- ма, алдымен нәтижелерді, жалпы жаңалықтарды (келісім жасасу немесе жара- қаттану секілді), сосын соңғы шараларды қамтиды. Егер келісім жасасу немесе жарақаттану оқиғасы жұлдызды ойыншыға қатысты болса немесе алда болатын шара күнделікті шарадан маңызды саналса, бұл басты жаңалыққа айналады. Жергілікті репортаж әдетте жергілікті станциядағы спорттық категорияның көш басында тұрады және жергілікті деңгейдегі спорттық шаралардың сюжетте- рі барлық басқа спорттық жаңалықтардан оқ бойы озық келеді. Жаңалықтар және очерктік бағдарлама Күнделікті шығатын кешкі жаңалықтар бағдарламасының спорттық сегменті төмендегі сценарий секілді құрастырылуы мүмкін. ВИДЕО АУДИО ЛОС-АНЖЕЛЕС. ДОЖЕРС СТАДИОНЫ. БЕННИ БИГБАТТЫҢ КАРЬЕРАСЫНА СОҚҚЫ. Есірткіні заңсыз түрде қолдануға қатысты жанжал бүгін өзге жаңалықпен толықты. Бейсбол комиссары Тимоти Кракдаун Dodgers командасының жұлдызды аутфилдері Бенни Бигбатты тыйым салынған есірткінің бірін қолданғаны үшін 50 ойыннан шеттетті. Комиссар есірткі затының қай түрі екенін ашып айтпады. Хоум-рандар (қарсы командаға соқтығысса да, жеңіс нүктесіне дейін еш қателіксіз жүгіріп жететін ойыншылар) арасында Dodgers командасын өрге сүйреп және қоржынды ұпаймен толтырып жүрген Бигбаттың ойыннан тысқары қалуы – команданың үкілеп отырған үмітін қиып түсерлік үлкен соққы. Бигбат 14 шілдеде өтетін All Star game жарысының соңына дейін ойынға қатыса алмайды. Сонымен қатар оған қанша екені белгісіз айыппұл салынды. Оның Dodgers командасындағы айлығы – 12 миллион АҚШ долларын құрайды, оған осы маусымдағы ынталандыру премияларын қосыңыз. КУПЕРСТАУНДАҒЫ ДАҢҚ ЗАЛЫ. ДИКТОР: Сіздердің сүйікті бейсбол карталарыңызға ертеңгі күні Нью-Йорк штатына қарасты Куперстаундағы Даңқ залында жан бітеді, себебі мұнда есімі мәңгі өшпес үш біртума жанның есімдері енгізіледі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==