Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 222 далар – киберкеңістіктегі спорт тақырыбындағы хабарлардың жазуына да жа- рамды. Атап айтсақ, алдыңғы спорттық сайыстарға немесе үзінділерге сілтеме, спортшылардың сұхбаттары мен өткен-кеткені қамтылған деректер, стадион не- месе ойын алаңынан көрініс пен ақпарат, статистикалар, фанаттардың коммен- тарийлері, баспасөз репортаждары және спорттық шараға немесе бағдарламаға қатысы бар түгелге жуық кез келген материал да спорт әлемінде қолданылады. Спорттық бағдарлама түрлері Тікелей эфирдегі спорт шығарылымы спорттық іс-шаралар мен жалпы спортқа қатысты жаңалықтардың қорытындыларын эфирге беруге бағытталады. Кейбір спорт шығарылымы ақпарат агенттіктерінің хабарламалары мен басқа дереккөз- дерден келіп түсуі мүмкін нәтижелердің қысқа репортаждарына ғана бағыттала- ды. Газеттегі жазбалардан не желілерден алынған материал белгілі бір бағдарла- маның мақсатына, аудитория мүдделеріне және спорт шолушысының тұлғалық кейпіне сай келетіндей болып қайта жазылуы керек. Ұзақтығы 15 минут және одан да көп кездейсоқ таралатын спорт шолулары болғанмен (әдетте бағдарла- ма кестесінде спорттық шаралар күндізгі уақытта немесе демалыс күндері түнгі уақытта берілетіні бар), спорттық трансляцияның басым бөлігі күнделікті кешкі және қорытынды жаңалықтар бағдарламасының құрамдас бөлігі болып санала- ды. Кабельдік телевизияда спорттық хабарлар кеңінен таралды. Мұнда ESPN ар- насындағы тікелей көрсетілім, жаңалықтар және негізгі спорт түрлері бойынша таратылатын тақырыптық арналардан бастап боулинг, тіпті покер турнирлері секілді шағын спорт түрлері туралы хабар тарататын арналарға дейін үлкен сұ- раныста болды. Көп жыл бойы АҚШ-та айтарлықтай қызығушылық тудыра қой- маған спорт және еуропалық футбол (немесе АҚШ елінде «soccer» деп атайды) әлем чемпионаты АҚШ телевизиясының эфирлерін жаулап алды. Ақылы және премиум арналар әрбір ірі спорт түрі немесе шағын спорт түрінің әр ойынын тікелей эфирде таратады. Спорт аясындағы очерктік бағдарлама санатына спорт тұлғаларымен тікелей эфирде жүргізілетін немесе алдын ала басылып алынатын сұхбаттар, қысқа әң- гімелер, спорттағы оқиғаларды сахналау, тұлғалық кейіптерге немесе оқиғалар- ға негізделген көңіл жібітетін немесе өткен-кеткенді қамтитын репортаждар не болмаса спортқа қатысы бар, бірақ өзекті спорттық сайыс қатарына жатқызыл- майтын студиядан тыс түсірілген бағдарламалар (мысалы, футбол бапкерінің зейнетке шығу рәсімдері) кіреді. Кез келген спорттық бағдарлама бірнеше тәсілдің басын біріктіре алады, са- йыстарды сынап немесе мазмұндама жасағаннан кейін әлгі тәсілдердің бір ғана түріне тоқталады. Спорт туралы ақпараттық шоулардың көбісі тікелей эфирдегі репортаж бен очерктің комбинациясы. Спорттық хабарлардың ең танымалысы, әрине, тікелей эфирде таратылатын спорттық сайыс. Ұйымдастыру Спорттық хабарлардың форматтары тұрақты шығып тұратын жаңалықтар бағдарламасының форматтарына ұқсас келеді. Кеңінен таралған тәсіл – мау- сымда топ дәрежесіне қосылған спорт түріне қатысты барлық нәтижелерді, жа-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==