Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
221 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы болса да, спорт түрлерінің маманданған саласына қатысты бәріне ортақ қолда- ныстағы спорттық жаргондар мен сөйлемдерді қолдану – жарамды ғана емес, сондай-ақ қажетті дүние. Себебі бұл – спорт комментаторы мен аудитория ара- сында жанашырлық қатынас орнатуға, сонымен қатар спорт комментаторына тәжірибе жинақтауға жағдай жасайды. Жанкүйер спортта кімнің жеңіп, кімнің жеңіліс табатынынан хабар беретін бәсекеге құмартады. Спорт сценарийін жаз- ғанда драма элементтерін жадыңызда ұстаңыз. Спорт бөлімдері әдетте жаңалықтар бөлімдерінің қарамағында болғанымен, тікелей эфирде спорт сайыстарын трансляциялаудың соншалықты шарықтауы, спорт арналары мен ауқымды станциялардың өз алдына бөлек тәуелсіз медиа болып шығуына әсерін тигізді. Станция неғұрлым шағын болған сайын, спорт жаңалықтары бөлімінің қоластында қызмет етеді. Кейде ақпарат жазушыдан спорт бөліміне арнап жаңалықтар сценарийін жазу талап етіледі. Мұндағы ма- териалды әдетте спорт шолушысы жинап, жазып береді. Сонымен қатар тікелей эфирде хабар тарататын, спорттық жаңалықтар, сұхбатқа негізделген шоулар және спорттық-танымдық бағдарламаларды көрсеткен барлық спорттық кабель- дік арналар үлкен сұранысқа ие болды. Интернеттегі спорт Спорт әлемінің ерекше сипаттарына, тарихына, тұлғаларына қатысты және ұсақ-түйектері жайында ақпарат тарататын сайттардың қарасы көбеюде. Же- келей командалардың дербес сайттары бар. Ойындарды интернет арқылы тіке- лей эфирде көру үшін жазылымдар самсап тұр. Киберкеңістіктегі саны шексіз сайттар спорт жанкүйерлеріне әлемнің қай жерінен болса да, кез келген спорт- тық қызығушылықтың ең қат саласын тауып алуға мүмкіндік туғызады. Спорт трансляциясы станциялардан және интернет арқылы кабельдік жүйелерден бас- тау алатындықтан және интернет кеңістігінде бүгінгі дәстүрлі медиада көрсеті- ліп жүрген спорттық бағдарламалардың небір түрінің негізі қаланатындықтан, мұнда спорт журналисінің алдында (зерттеуші, диктор, комментатор, режиссер және продюсер) зор мүмкіндіктер «есігі» ашылмақ. Көптеген шағын колледждер мен университеттердің ойындары станциялар немесе кабельдік арналардан сирек, тіпті мүлде таратылмау себебінен, олар сту- денттік командалардың сайысын интернет арқылы жиірек көрсетіп жүр. Ағаш шырмауық лигасының ( Ivy League – Американың сегіз көне университетінің ас- социациясы) уәкілетті өкілі Жефф Орлеан: «Біз кабель немесе спутник орнату мүмкіндігін тексермей не болмаса жарнамалық қолдау бар ма деген секілді мә- селелерге бас қатырмай-ақ, өз телевизиямызды ойлап тауып, интернеттегі түгел дерлік әлемді жаулай аламыз», – дейді. Тағы бір уәкілетті өкіл Дуг Фуллертон былай дейді: «Болашақ дегеніміз – осы. Жанкүйерлер не көргелі жатқандарын және оны қашан көретіндерін шешетін болады». ESPN спорттық сайыстарды тарататын жаңа онлайн арна ашты. Бұл арнаның құрамына – елдегі топ дәре- желі колледждердің командалары мен ойындары кабельдік желі арқылы тара- тылмайтын бірнеше команда кірді. ESPN арнасының вице-президенті Таня Ван Корт бұл ашылған жаңа арнаның «шынында да, интерактивті телевизия» екенін айтады. Интернеттің интерактивті аспектілері уеб-автордың мүмкіндіктерін молай- тып қана қоймай, сонымен қатар талаптарды да кеңейте түсті. Бұл тарауда бұған дейін сипатталғандай, киберкеңістіктегі жаңалық жазуда қолданылатын қағи-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==