Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

5-ТАРАУ 220 деушіге жария етпеу жайында уәде беріп, артынша оны қолданған материал болса, сот алдында жауапқа тартылуыңыз әбден мүмкін. Мұнда сіз дереккөз ие- сінің атын атап, түсін түстегеніңіз үшін немесе сотты құрметтемеді деп танылып, айыппұл салынады, не түрмеге жабылудың біреуін таңдауға мәжбүр боласыз. Судья әр істі жеке саралап, әділ қаралуы үшін тілшінің артықшылығын немесе жауапкердің құқығын талқыға салып шешім шығарады. Сот, теле-радиостанция тілшілері және авторлар арасындағы ұзаққа жалғас- қан текетіреске сот залында нүкте қойылады. Судьялар мен заң шығарушылар- дың басым бөлігі баспасөз журналистері секілді, теле-радио журналистеріне де артықшылық танытқанымен, сот залдары мен заң шығарушы ассамблеяларға камера, тіпті микрофон алып кіруге рұқсат етпейді. Газеттегі әріптестеріне қа- рағанда, телевизия авторлары визуалды және дыбыстық материалсыз сценарий жаза алмайтынын ескерсек, жаңалық берердегі шектеулер қол байлайды. Көптеген Штатта қаралатын кез келген істе, камераны сот залына алып кіруге болатынын не болмайтынын судьяның өзі шешеді. Шешім медиа құқығы жазу- лы Бірінші түзету ережелері мен соттың әділетті қаралуына мүдделі жауапкер құқығын қарастыратын Алтыншы түзетудегі ережелерді теңгеру арқылы жаса- лады. Федералдық соттар (Жоғарғы сот емес) жекелеген судьяларға шешім шыға- ру мүмкіндігін ұсынып, сот залына камера алып кіруге қатысты тәжірибе жасап көрді. Федералдық үкімет – тілші мен автор үшін шектеуге шырмалған қиын орын- дардың бірі. 1974 және 1976 жылдары «Ақпарат еркіндігі туралы» заңға енгізілген түзетулер үкіметтің әрекеттері туралы баспасөз бетіне жариялауға рұқсат берген сыңай танытқанымен, аталмыш заң көптеген әкімшіліктермен шектелді. Мұнда журналистерге ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді жариялатпаудан бө- лек, адамдардың кәсіптері туралы қалың бұқараны хабардар етпеуге дейін шек- теу қойылған. Ұлттық қауіпсіздікке немесе агенттіктің кейбір ішкі мәселелеріне қатысты материалдарды таратуға болмайды. Құжат құпия сипаттағы материал ретінде жіктелуі мүмкін. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының мақсатта- рына немесе зерттеулеріне қажет дерек ретінде сақталуы мүмкін. Жазуыңызға тікелей ықпалын тигізетін тағы бір құқықтық мәселе – жұмысы- ңызды қорғау құқығы. Сценарийіңізге авторлық құқық жасату арқылы қорғай аласыз (толық ақпарат алу үшін 11-тарауды қараңыз). Баз біреудің авторлық құқықпен қорғалған материалдары, мейлі, ол сөз визуалды материал, музыка немесе сценарийіңіздегі тағы бір дүние болсын, заңды түрде рұқсат алғанша қол- данылмасын. СПОРТ Спорт жаңалықтары жайында қалам тербеу кәдімгі жаңалықтарды жазуға ұқсас келеді. Екеуіне де бірдей негізгі қағидалар мен тәсілдер қолданылады. Де- генмен өзіне тән өзгешеліктері бар. Қандай жағдай болса да, спорт трансляция- сы кемінде жаңалық трансляциясы секілді анық әрі төтесінен жазылған сипатта болуы қажет. CBS Sports президенті Питер Лунд спорттық материалды әзірлеуде анықтықтың қажеттігін атап өтті: «Піспеген маман көп ретте ақпаратты продю- серлерге немесе дикторға ұсынуға бейім келеді. Сол ақпарат анық әрі кез келген сәтте қолда тұруы қажет». Спорт материалы көбінесе ауызекі тілде жазылады. Жалпы, аудиторияны жа- ңылыстырмау мақсатында техникалық терминдерден бойды аулақ ұстау қажет

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==