Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

219 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы телевизия мен радиодағы жаңалықтар бағдарламасы жазбаша түрдегі сценарий- ді қолданады деп мәлімдеді. Сот шешімдері жала жабуға қатысты жайттарды дәлелдеу ісін айтарлықтай қиындатты. Талапкер/сотқа арыз беруші бес талап- қа сай болуы қажет: атына кір келтіргенін іс жүзінде дәлелдеу, теле-радиостан- цияның қорлаған адамды анық көрсетуін дәлелдеу, масқаралаған материалдың эфирден берілгендігін дәлелдеу, жүргізушінің тұлға туралы жалған ақпаратты байқамай не болмаса қасақана жеткізгендігін дәлелдеу және талапкер/сотқа арыз берушіге нақты зиян келтіргенін дәлелдеу. Байқағаныңыздай, жала жабуға қатысты істе жеңіске жету қиынның қиыны. Дей тұрғанмен, қаралауға куә боп жүрміз, ал автор болса, жазған сценарийінде жаланың бар-жоғын тиянақтауы керек. Егер қандай да бір сұрақ туындаса, ең дұрысы – теле-радиостанцияның заңгерінен кеңес алыңыз. АмерикаҚұрамаШтаттарында қызмет ететін репортердің бір артықшылығы– қоғам қайраткерлері, соның ішінде саяси көшбасшылар жайында әділ коммен- тарийлер ұсына білуі (көптеген елдердің бұқаралық ақпарат құралдарында бұл мүмкін емес). Жеке тұлға әдепсіздіктің орын алғандығын дәлелдей отыра, жала жабуға қатысты істе жеңіп кетуі мүмкін болғанымен, қоғам қайраткері қасақа- на жасалған қаскөйлікті үнемі дәлелдеуге мәжбүр. Онымен қоса, АҚШ журна- листері кез келген саясаткерді, тіпті президенттің өзін «әділетті сынның» астына алып төмпештейді. Бұл жердегі әділетті комментарий – саясаттың басы-қасында жүрген тұлғаны сынап-мінеу, адамды ұятқа қалдыратын немесе тіпті өрескел пі- кір. Өзге мемлекеттердің журналистері АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарында президентке қарсы жасалған жекелей шабуылдар ісіне ұқсас жаңалықтарды өз елдерінде жарияласа абақтыға тоғытылатын еді. Жеке өмірге араласу Мұқият болуды қажет ететін тағы бір сала – жеке адамның өміріне қол сұғу. Соттар қағида бойынша, қоғам қайраткерлерін баспасөздің кез келген түріне дерлік ашық деп санағанымен, қарапайым тұрғынның жеке өміріне араласу әре- кеті (жалған немесе аса жеке сипаттағы ақпаратты жариялау арқылы ыңғайсыз- дық тудыру) сотқа арыздануға негіз бола алады. Дегенмен сот әркез дерлік қо- ғамдық мүдде мен мұндай арызға қарсы қорғану ретінде жаңалық құндылығын ұстанады. Дей тұрғанмен, сот тұлғаның материалдық кеңістігіне қол сұғуды жа- ратпайды. Тұлғаның қыр соңынан қалмай аңду, оның отауына заңсыз кіру, оның жүріс-тұрысын суретке түсіріп алу үшін жекеменшік кеңістігіне кіруге мүмкін- дік алу және ол адамға қарсы күшті қолдану арқылы баса көктеп кіру – мұның барлығы жеке өмірге қол сұқты деп журналистерге айып тағылған салалардың кейбірі ғана. Жеке өмірге қол сұғуға ұқсас бір жайт – коммерциялық мақсатта қолдану үшін тұлғаның кейіпін/суретін не сөзін оның жазбаша рұқсатынсыз меншіктеп алу. Белгілі бір адамға қатысты жаңалықты ақниетпен жарияламай тұрып, келі- сім бергеніне көз жеткізіп алыңыз. Тілшінің құдіреті Көп штатта тілшінің өзі тапқан дереккөзін құпия ұстауға ерік беретін «Қал- қан заңы» деп аталатын заң бар. Мемлекеттік заңның ешқайсысы тілшіні құпия ақпаратты жария ету ісінен қорғап қала алмайды. Егер сценарийіңізде мәлім-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==