Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

5-ТАРАУ 218 Бәлкім, өткеннің сарқыншағы іспетті, әдейі жасалмайтындай көрінетін сек- сизмді талқылаудың факторы шығар. Мысалы, 2008 жылғы сайлауда президен- тікке үміткер Демократиялық партия өкілі, сенатор Хиллари Родэм Клинтон мен Республикалық партия атынан қатысқан вице-президентікке үміткер губер- натор Сара Пэйлиннің есімдері бұқаралық ақпарат құралдарының «ауызынан» үнемі түспей жүрді. Керісінше, Республикалық партия атынан президентікке үміткер Жон Маккейн мен Демократиялық партия атынан түскен Барак Обама- ның есімдері сирек аталып жүрді. Барлық нәсілдерге, этникалық топтарға, ұлттарға және жаңалықтарға арқау болған өзге топтарға (мейлі, шетелдік және жергілікті қауым болсын) жанашыр- лық таныта жүріңіз. Құқықтық түсінік 1934 жылы қабылданған, арасында өзгерістер енгізілген «Коммуникация ту- ралы» заң FCC -ге бағдарламаны цензураға ұшыратуға тыйым салғанымен, заңда- ғы басқа тармақ FCC -ге әдепсіздік деп танылған әрекетке қарсы шара қолдануға өкілеттік береді. 1-тарауда сол шектеудің статусы сипатталады. Бірінші түзетудегі «Баспасөз бостандығы туралы» ереже электронды медиа- ның арнайы сипаты себебінен баспасөзге қарағанда, теле-радиостанцияларда түрлі сипатта қолданылады. Газетті жариялау үшін пайдалануға берілетін бас- пасөз құралдарының саны шексіз, ал бірақ жаңалықтарды теле-радиостанция- ларда таратуда қолдануға болатын жиіліктердің саны шектеулі. Радио толқында- рындағы тығыздық пен хаос 1927 жылы «Радио туралы» заңның пайда болуына себеп болды. Аталмыш заң радиотолқынды реттеудің алғашқы құқықтық іргета- сын қалады. Бірінші түзетудің ережесіне сәйкес, басылымдар қалаған дүниелерін жария- лауда толық еркіндікке иелік еткенімен, телевизия мен радиоға келгенде олай емес. Мұндағы хабар таратудағы жиіліктерге қойылған шектеудің нәтижесінде соттар, соның ішінде Жоғарғы сот телевизия мен радиода Бірінші түзетудің ере- желерін түрлі сипатта қолданады және «Коммуникация туралы» заңда жазыл- ғандай «қоғамдық мүдде, жайлылық және қажеттілік» бойынша хабар таратуды бақылауды бекітеді. Биліктегі партияның ұстанған философиясына байланыс- ты, FCC өздері тұтынушыға үздік қызмет көрсетті (Әділдік және Қоғам қажетін анықтау туралы доктрина секілді) деп таныған ережелер мен концепцияларды бұлжытпай ұстанды не болмаса нарыққа сеніп, 1996 жылы «Телекоммуникация туралы» заңдағыдай хабар таратуды реттеу жұмыстарын қатаң түрде тоқтатты. Жала жабу Дегенмен заң нормалары (заң шығарушы орган қабылдаған нормалар) мен прецеденттің (сот шешімімен бекітілген) көптеген аспектілері баспасөзбен қа- тар, эфирлік арналарға да қолданылады. Әйтсе де кей тұста түрлі сипатта пай- даланылады. Осы заңдардың арасындағы теле-радио хабарын әзірлеуші авторға қатысты қолданылатын ең маңыздысы – диффамация. Адамның мінез-құлқына немесе абыройына жазбаша түрде тіл тигізу libel деп аталады, ал бұл ауызекі қалыпта айтылса, мұны slander деп атайды. Дегенмен «libel» терминін баспасөз бен теле-радиоға қатысты қолдана береді, себебі соттар

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==