Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

217 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы сонымен қатар көріп-тыңдап отырған жалпы аудиторияның да нені көксейтінін ұмытпауы керек. Белгілі бір ақпарат репортажының арнайы топқа ықпалы (қо- ғамның бітім-болмысына сай, дәл мұндай ықпал көпшілік топтағы тұрғындарға тигізер ықпалға қарағанда өзгеше) көпшілігінде еленбейді, тек оқиғаның немесе мәселенің сол арнайы топпен тікелей байланысты болған уақытында ғана есепке алынады. Арнайы топқа нақты бағытталған материалға қосуға болатын немесе аудиторияға бағдарланған жалпы ақпарат репортажының қалай жазылу керек- тігі жайындағы келесі мысал National Black Network (NBN) радио сервисінен алын- ған: Қараша, сағат 17:00–20:00 – Кинг Әкімшілік қаранәсілді топтың жұмыссыздық мәселесіне «өрескелдеу, ерсілеу әрі қырын...» қарайды. Сіздермен бірге – Рон Кинг. Нью-Йорктің National Black Network арнасындағы World Wide News хабары. Мэриленд штатының қаранәсілді конгрессмені Паррен Митчелл бүгінгі отырыста әкімшілікті қаранәсілді топтың жұмыссыздық мәселесіне қатысты саясатын өткір әрі тәптіштеп тұрып сынады. Вашингтондағы конгрестің Біріккен экономикалық комитетінің алдында сөз сөйлеген Митчелл бүгін жұмыссыздыққа қатысты жаңа цифрлармен танысып, жұмыссыздық деңгейін шарықтатып жіберген әкімшілік саясатының «шаңын» қақты. Бүгінгі мәліметтерге сүйенсек, ел ішіндегі жұмыссыздық мәселесінің көрсеткіші 10,12 пайыздан 10,40 пайызға көтерілген, ал қаранәсілді топ арасындағы көрсеткіш есеңгіретерлік 20,2 пайызды көрсетіп тұр. Конгрессмен Митчелл мұның ар-ұяттан безген әрекет екендігін айтады. National Black Network келісімі бойынша пайдаланылды. Бір қарағанда қаранәсілді топтың жаңалықтарын жариялаудағы кемсітуші- ліктің көзі жойылған секілді көрінгенімен (әсіресе Америка халқы өзінің тұңғыш афроамерикалық президентін сайлаған соң), New York Times баслымына шыққан Боб Герберттің «Бұл баланың түсі қандай?» атты мақаласы солай ойлауға әлі ерте екендігін байқатады. Чикагодағы биылғы оқу жылында ондаған мектеп оқушы- сының мерт болғандығы жайында ақпараттың ешбір жерде жария етілмегеніне өз қынжылысын білдіріп, Герберт олардың дені афроамерикалықтар немесе ла- тынамерикалықтар болғандығын айтады. Герберт осы оқиғаларды Крейг тізімін- де жария етілген Уэслиан колледжінің ақнәсілді студенті мен ақнәсілді массажис- тің өлімімен салыстырып, қатар берді. Герберттің есіне біраз жыл бұрын газет тілшісі кезінде қатысқан, редакторлар конференциясы оралды. Конференцияда шетінеген сәби туралы талқыланды. Редактор: «Бұл баланың түсі қандай?» – деп сұрайды. «Оның нені меңзеп тұрғанын бәрі түсініп қойды. Егер әлгі бала ақ- нәсілді болғанда, оны үлкен көлемде жария етудің орайы келген еді... Баспасөз құралдары өлім туралы жаңалықтарды жариялауға келгенде, әлі де болса, адам- ның түс-тұрпатына қатысты бас қатырады. Редакторлар: «Бұл жәбірленушінің түсі қандай?» деп сұрамауы мүмкін. Дегенмен олардың түптің түбінде бұл жа- йында ойланатыны анық».

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==