Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 230 Спорттық шоулардың жарнамашылары негізгі нысан ретінде жас бозбала- ларды көздеп, соларды еліктіргісі келетіні секілді көрінгенімен, зерттеулер са- майларын ақ шалған қариялар да нағыз жанкүйердің өзі екендігін көрсетті. Әсі- ресе егде тартқан қарттар өздері ойнауды жалғастырып жүрген гольф секілді спорт түрін үзбей көреді. Спорты жоқ хард жаңалық секілді, спорттық сайыстың бәсі бәрінен басым түсіп, сол туралы жаңалық репортажы мен танымдық хабарды жібермей кө- руге итермелейді. Мысалы, 2013 жылы NCAA March Madness баскетбол турни- рінің рейтингі бойынша он бесінші орынға жайғасқан Eagles of Florida Gulf Coast University командасы екінші және жетінші тұғырдағы командаларды жеңіп кетіп, тарихқа енді. Осылайша олар ойынды он бесінші орыннан бастап, жеңіске жет- кен алғашқы команда атанып, « Sweet Sixteen » тобына қосылды. Форт-Майерстің Florida University командасы мен олардың спорттық бағдарламасы «Күлбике» ( Cinderella ) оқиғасының басты нысанына айналды. Аталмыш баскетбол команда- сы жарыстан шеттетілсе де, медиа студенттерді аңдуын доғарар емес. Телевизия мен радиодағы тікелей эфирді тізгіндеуші спорт комментаторла- рының жұмысы екі түрлі болғанымен (радиодағылары әрекеттің әр ұсақ-түйегін сипаттайтын баяндаушы болса, телевизиядағылары тек экран бетінде көрсетіл- генге түсініктеме мен сипаттама айтып отыратын хабарлаушы), автордың жұ- мысы бәз қалпында қала береді. Автор кіріспесі, өткелі және қорытындысы қам- тылған материалды әзірлеп береді. Бұған қоса, ол әр сәтті бос қалдырмау үшін материалды жеткілікті сипаттамамен не болмаса қосымша материалмен толық- тырады. Бұл анықтамалық материалда іс-шара алдындағы әрекет пен сипатта- ма, статистикалар, диаграмма түрлері, іс-шара өтетін орын және оның тарихы жайында материал, қатысушылар туралы қысқа анықтамалық ақпарат, іс-шара немесе қатысушыларға қатысы бар газет мақаласы, эфир арасындағы тиімді үзі- ліс кезінде қатысушылармен алдын ала жазылған немесе тікелей эфирде алуға жоспарланған сұхбаттар, қайыра айтқанда, аудиторияның қызығушылығын арт- тыра түсіретін не болмаса аудиторияға әрекетті анықтауға көмектесетін қажетті дүниенің барлығы қамтылған. Бұл материалды алдын ала әзірлеу қажет және керек кезде пайдалану үшін жүргізушіге қолжетімді болғаны жөн. Сол себептен де тікелей эфирден беріле- тін сайыс кезіндегі автордың негізгі міндеті – зерттеу және нобай әзірлеу. Сцена- рий нобайдан да сәл көлемді болуы мүмкін. Мұнда статистикалар топтамасы, сайысқа қатысы жоқ жекелей қысқа жаңа деректер немесе біршама тереңдетіл- ген анықтамалық деректері бар ықшамдалған абзацтар, кей кезде ойын алдын- дағы және ойыннан соңғы сегменттер, беташар, түйін сөз және өткелдері бар материалдар қамтылады. Қатып қалған форматпен біраз уақыт жұмыс істеген дикторлар, көбінесе режиссерлік сценарийді өздері дайындайды, тіпті мұны қа- ғаз бетіне түсірмей-ақ, эфирде сипаттап отырады. Олар кәсіби баскетбол ойы- ны туралы төменгі мысалдағыдай, тек жазба түріндегі режиссерлік сценарийдің шағын жиынтығы бар қысқаша баяндау парағымен-ақ эфирді тізгіндеуі мүмкін. Төмендегі мысалда бірнеше ірі нарық станциясынан алынған қысқаша баяндау парақтарының қоспасы ұсынылған.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==