Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

211 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы транскриптік стенограммасы, үш өлшемді көлемдегі үйдің картасы, дәлелдер- дің толық тізімі, шаралардың толық кестесі, сонымен қатар айыпталушы мен прокурорлардың профильдеріне сілтемелер» жасай алады. Лулдың бұл мыса- лы, интернеттегі интерактивті сирек кездесетін жазу тәсілін байқатады. Алайда Лул барлық медиа түрлерінің ең тиімді аспектілерін чаттар, форумдар және электронды поштаның интерактивті әлеуетін қолданатын онлайн жаңалықтар- ға біріктірер кезде жаңалық әзірлеуші этиканы бәрінен де биікке қою керектігін ескертеді. Бұл кітапта барлық форматқа назар аударғандықтан, автор медиаға және үйретуге қатысты тиімді тәсілдерді білуі қажет, бірақ автор мен медианың аудиторияның ойлау мен сезу қабілетіне ықпалын тигізетін күш-қуаты жауапты этикалық мақсат және мінез-құлықты қатаң түрде ұстануды талап етеді. Тіпті объективті секілді көрінетін форматта да (хард жаңалықтар секілді) ав- тор барлық көзқарас пен түсіндірменің қолжетімді екеніне көз жеткізуі қажет. Егер дәстүрлі медиа жаңалықтардың тонын теріс айналдырып беретін болса (жарнама берушісі, қожайыны немесе кейде продюсер-автордың бақылауы се- бебінен олар үнемі бұрмалап ұсынады), әдетте интернеті жоқ елде кең тарал- ған пікір мен нанымға балама көзқарас қалыптастырудың мүмкіндігін ұсынады. Пайдаланушы сайтты ауқымды түрде қарауы мүмкін, дегенмен автор браузерді шектеулі көзқарас пен ақпаратты теңелтетін сайттарға бағдарлауға көмектеседі. Гейткипинг және балама пікір Радио және телевизия секілді дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтар мен интернеттен таратылатын жаңалықтар арасындағы ықтимал ең маңызды айырмашылық – гейткипинг мәселесі. Трансұлттық корпорацияның дені халықаралық трансляцияның, кабельдік дистрибуция мен ақпарат тарату- дың 90 пайызға жуығын өз бақылауында ұстайды. Worldcom және басқа медиа алыптарымен болған жанжалда белгілі болғандай, корпорация басшылары қо- ғамға қызмет еткеннен гөрі жеке пайданы бәрінен жоғары қояды, сонымен қа- тар жаңалықтарды өздерінің жеке нанымдары мен корпоративтік мүдделерін қанағаттандыру үшін жаңалықтарды басқарып, оларды цензураға итермелейді. Олар – гейткиперлер. Біз гейткиперлердің бізге ұсынғысы келген жаңалықтары және пікірлерінен ғана хабардар боламыз. Дегенмен интернет біздің ақпараты- мыз бен ойымызды бақылауда ұстайтын халықаралық корпорацияларды тығы- рыққа тіреді. Кез келген топ немесе жеке тұлға дәстүрлі медиадан табылмаған ақпарат пен пікірді интернетке еш цензурасыз және әлдебіреудің жеке мүдделі бақылауынсыз жариялай алады. Мұндай ұйымдардың бірі – телевизия желісін- де Free Speech TV секілді жаңалықтар қызметін ұсынатын FreeSpeech.org. Әлемнің әр бұрышында дереккөзі бар бұл ұйым – корпоративтік және мемлекеттік тәр- тіпке қарсы митингілер мен шерулерді жазбаша әрі визуалды түрде көпшілік назарына ұсынады. Мұнда жуырда көтерілген мәселелер мен жарияланған іс- шаралар: соғысқа және нәсілшілдікке қарсы наразылықтар, миллиондаған отба- сыларды кедейшілікке ұрындырған корпоративтік және Уолт-стрит акциялары, кәсіподақтарды талқандау, палестиналық анклавтарға гуманитарлық көмекті оқшаулау, әлем бойынша қамауда отырған саяси тұтқындарды қинау, тұрғын- дарды бақылауда ұстаудың құралы ретінде зорлауға рұқсат беретін режимдерді қолдау және жалпы мейнстриммен, Америка Құрама Штаттары мен басқа мем- лекеттердегі корпоративпен бақыланатын медиа және көптеген мемлекеттердегі үкіметпен бақыланатын медианы құлағына да ілмейтін осыған ұқсас мәселелер.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==