Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

5-ТАРАУ 210 Жад Криббс дәл осы материалды интернетке арнап былай жазып шықты: Ілгеріде теңіз жаяу әскерінде қызмет еткен, өмірге құштар 82 жастағы Лупе Лопес тың хобби ойлап тапты. Техас штатының тумасы, қазіргі уақытта Кейп-Коралда тұрып жатқан қария соңғы бірнеше ай бойы өзі ерікті болып қызмет ететінФорт-Майерстегі V.A амбулаториялық клиникасының барлық бөлімдеріне шұлықтан жасалған қуыршақтар әзірлеумен айналысады. «Өзгеше мейірге ерекше алғысым еді», – дейді Лупе.«Бізді асты-үстімізге түсіп бағып-қаққанының қайтарымы деп санаймын. Барлық ардагерлер алғыстарын жаудыруда». Лупе 40-қа жуық қуыршақ жасаған және олардың іштеріне өзінің ескі шұлықтарын салған. Дегенмен қазір оған жоба үшін жаңа шұлықтар топтамасын сатып алу қажет. Сондай-ақ ол тек теңіз жаяу әскері жауынгерінің үлгісін салады, себебі ол: «Қолымнан келетін жалғыз дүние – осы ғана», – дейді. Ол ағынан жарылып: «Бұл іс өзіме ұнайды, – дейді. – Бұған дейін ешқандай хоббиім болмаған, бірақ осылай қуыршақ жасаған өзіме ұнайды». «Жоғары білім хроникасы» ( The Chronicle of Higher Education ) атты кітаптың «Ги- пермәтін дәуіріндегі журналистиканың күш-қуаты және қақпаны» (The Power and Pitfalls of Journalism in The Hypertext Era) тақырыбындағы тарауында профессор Жэк Лул былай деп жазады: «Жаңалықтар газетте, журналда, радиода немесе телевизияда жариялануына байланысты үн, тенор, тереңдік және стилі бойын- ша түрленеді. Онлайн жаңалықтар жоғарыда аталған медианың барлық түрінен өзгешеленеді және таңғаларлығы сол – медианың түгел түрін қамтиды». Ол ин- тернетте жарияланатын жаңалықтарда газет материалында бар тереңдік, «өткір тілді» журналдың тәсілі мен бағдары, радионың оперативтілігі мен кері байла- нысы және телевизияның визуалды ықпалы бар екенін айтады. Лул интернет кеңістігіне таралатын жаңалық әзірлеушінің міндеті «басқа бағыттар мен тақы- рыптарға логикалық, тәуелсіз сілтемелері бар тығыз тоқылған негізгі материал жазу» екенін айтады. Мәселен, алып қашу туралы мақала жазуға келгенде, дәс- түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының шама-шарқы жетпейтін жерге дейін қолын созады. Интернет жазушысы «шерифпен өткен пресс-конференцияның ЛУПЕНІҢ ҚУЫРШАҚТАРДЫ НЕ ҮШІН ӘЗІРЛЕЙТІНІ МАҢЫЗДЫ. «Бізді асты-үстімізге түсіп бағып-қаққанының қайтарымы деп санаймын. Күллі ардагер мұны құптайды. Дегенмен ерекше мейірге өзгеше алғысым еді». Диктор: ЖАД Судыратып оқу: ЛУПЕ ИНЖЕНЕР БОЛЫП ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН, БІРАҚ БҰЛ ОНЫҢ ӨМІРІНДЕГІ БІРІНШІ ХОББИ ЕКЕНІН АЙТАДЫ. Компьютерлік графика: Үстіңгі/төменгі – Криббстің жазбалары. РОЛИК СИГНАЛЫ: РАҚМЕТ, ЖАД! АЛУ: БАСЫ (БАСЫ) Жад Криббстің келісімі бойынша пайдаланылды, продюсер Жессика Хехир, WINK-TV, Форт-Майерс, Флорида

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==