Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

209 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы видеосын көріп, мәтіннің сөзбе-сөз дәл көшірілгенін көрген уақытта амалсыз қынжыласың. 2. Тек мазмұндама параграфын жазу. Интернет көшірмеде видеодағыдай цитата мен сипаттама болу керек деп ойлаймын. Сонымен қатар қайталаушылыққа ұрынбас үшін мәтінге түрлі цитаталар қосуға тырысамын. Бұл аздаған қосымша уақыт алуы мүмкін, алайда бұл соған тұрарлық». Төменде Криббс әзірлеген очерк үлгі ретінде берілген. Біріншісі – телевизияға, екіншісі – интернетке икемделіп жазылған. ЛУПЕ ЛОПЕЗ – ҚАҒІЛЕЗ ӘРІ АШЫҚ ЖАРҚЫН КІСІ. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ АЛҒЫ ШЕБІНДЕГІ ТЕҢІЗ ЖАЯУ ӘСКЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН. СОНЫМЕН ҚАТАР КОРЕЯ СОҒЫСЫНА ДА ҚАТЫСҚАН. 82-НІ ЕҢСЕРГЕН ҚАРТ ҚАЗІР ХОББИДІҢ БІРЕГЕЙ ТҮРІМЕН АЙНАЛЫСУДА. ЖУЫРДА ОЛ ӨЗІ ЕРІКТІ БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН V-A КЛИНИКАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ БӨЛІМДЕРІНЕ ШҰЛЫҚТАРДАН ҚУЫРШАҚ ЖАСАУДЫ БАСТАҒАН БОЛАТЫН. БҰЛ ИТТІ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН ЛУПЕНІҢ ӨЗ КӨЛІГІНЕ АРНАП ШҰЛЫҚТАРДАН ИТ ПІШІНДЕС ОЙЫНШЫҚ ЖАСАУЫНАН БАСТАЛҒАН БОЛАТЫН. «Мынау жарамады, сосын басқасын әзірледім де, жасағанымды қыздарға бердім. Мені итермелеген осы болды». МҰНЫҢ АРТЫ ҮЛКЕНІРЕК ҚУЫРШАҚ ЖАСАУҒА АЛЫП КЕЛДІ. «Білесің бе, бастапқыда мен бүкіл шұлықтар топтамасын пайдаландым. Сосын ұлым: «Әке, алаңдамай жасай бер», – деді. Бұл іс өзіме ұнайды...» ҚАЗІРГЕ ДЕЙІН 40-ҚА ЖУЫҚ ҚУЫРШАҚ ӘЗІРЛЕГЕН. ТЕҢІЗ ЖАЯУ ӘСКЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ӘСКЕРИЛЕРДІҢ БӘРІ, МҰНЫ ТҮСІНГЕН БОЛАРСЫЗДАР!. «...Қолымнан келетін жалғыз дүние – осы ғана. Басқа не жасап мандытам». БАСТАПҚЫДА ЛУПЕ ӨЗІНЕ ЖАҚЫН КӨРІНГЕН МАТЕРИАЛДЫ ПАЙДАЛАНҒАН. ...шүберектер, көрінген нәрсе. Өзімнің ескі жейдемді, шолақ шалбарымды, қолыма түскеннің барлығын қуыршақтың ішіне тықпалаймын. Ескі шұлықтарымды, сосын ұлымның шұлықтарын пайдалана бастадым. Бірде ұлым шұлықтардың түгесілгенін айтты. Сосын бір пакет шұлық сатып әперді. Қазір мен кілең сол жаңа шұлықтардан әзірлеп жатырмын, себебі ескілердің барлығы жаратылып кетті. ҚАЗІР ОНЫҢ ЖҰМЫС ЖАСАУ ПРОЦЕСІ ЖЕҢІЛДЕДІ, СЕБЕБІ ҚУЫРШАҚ ТІГУДІҢ ӘДІСІ ЖАҢАРДЫ. ДЕГЕНМЕН ЛУПЕ V-A КЛИНИКАСЫНЫҢ ЕМДЕЛУШІСІ БОЛҒАНДЫҚТАН, ОНЫҢ ҚУЫРШАҚТЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙТЫНЫ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС. МҰНДА

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==