Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

5-ТАРАУ 208 Пасторды балаға қатыгездік танытқаны үшін кінәлауда Шарлотта порты Панда*. 13 ШІЛДЕ, КЕШКІ САҒАТ 18:43. (WINK) WINK News Шарлотта портының пасторы Паул Кингке қарсы жаңа айыптауларды анықта- ды. Пастор 8 жастағы қызды ағаш қалақпен ұрға- ны үшін айыпты деп танылып, қамауға алынды. Сонымен қатар WINK News -ке мәлім болғандай, екі ұйым, атап айтсақ, Христиан мектептері ассо- циациясы мен Балалар және отбасы басқармасы пастордың ісін тексеру үстінде. Кинг 20 000 АҚШ доллары көлемінде кепілпұл төлегеннен кейін қамаудан босатылды. Кинг – Өңірлік христиандық академияның директоры әрі Harborview христиан шіркеуінің пасторы. Жәбірленген жасөспірімнің анасы Тамми Пип- киннің айтуынша, пастор 11 мамыр күні қызын аяусыз соққыға жыққан. Бұл оқиғадан кейін Пип- кин қызын мектептен шығарып алған. Сондай-ақ WINK News тілшісі Кингтің осыдан 4 жыл бұрын өз қызына және басқа балаларға жә- бір көрсеткені туралы мәлімдеген басқа ата-ана- мен де сөйлесті. Шарлотта округінің қылмысқа қатысты жазбаларын қараған кезде, Кингке қарсы арыз жазылған екен, алайда бұл оқиға үшін Кинг- ке ешқандай да айып тағылмаған. Есімін атағысы келмеген ана WINK News тілшісіне мектеп қызметкерлері қажет деп санайтын тә- сілдер бойынша оқушыларды жазалауға рұқсат беретін формаға қол қоюға мәжбүр болғанын айтты. Есімі белгісіз ана: «Мұның бізге көмектесетініне сенеміз. Бұрын жиі болмайтын, бірақ кейін мұ- ның үнемі орын алып тұратынын білдім. Өзге ата-аналардан естідім. Бұл – адам айтқысыз жағ- дай», – дейді. Жәбір көрген қыздың анасы көптеген ата-ананың Кингке қарсы шығуға қорқақтайтынын айтады. «Қалайша оның басқа балаға қол көтеруге, тіпті тәуекелге баруға дәті барады? Бұл осы жерде өте бір маңызды мәселенің бар екенін аңғартады». Шарлотта округінің шерифі Кингке қарсы өзге де айып тағылғанын жеткізді. Қазан айында тағы бір ата-ана Дуглас Пул пастор соққыға жықты деп арыз түсірген болатын. Белгілі болғандай, Кинг Пулмен қақтығысқан уақытта оны итеріп жіберген. Кинг WINK News тілшісіне берген сұхбатын - да соттың ақтап шығатынына үміттенетінін айтты: «Әділ сотпен арамызда ешқандай мәміле жоқ. Ешқандай. Мен – Құдайдың құлымын және өтірікке мойынсұнбаймын».

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==