Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
207 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы WINK-TV тілшісі және авторы Жастин Херндон телевизия мен интернеттегі ақпарат материалдарының арасындағы айырмашылықты былай сипаттайды: Кезінде жеделхаттың маңызы қандай зор болса, сайттағы материалдардың да бүгінгі таңдағы маңызы ерекше. Интернет материалымызды бір демде тара- тып жіберуге және күні бойы жұмыста отырған не болмаса үйлерінен тысқары жүрген көрерменнің көңілін аулауға жағдай жасайды. Бұл көрермен қатарын жаңартуға мүмкіндік береді. Көрермен күні бойы «байланып» отыратынын біл- ген сайын, олар түнгі уақытта біз дайындаған жаңалықтар шығарылымдарын соғұрлым қалт жібермей көреді. Интернет материалдың эфирден таратылатын хабардан басты айырмашылығы – мұндағы мәтін үнемі осы шақта жазылмайды және көп ретте эфирден тыс уақытта жарияланады. Дегенмен интернет материалдың мазмұны сексен рет сүзгіден өтіп, мың қайтара өңделуі әбден мүмкін. Себебі телевизиядан бір не екі минут таралатын материалмен салыстырғанда, бұл киберкеңістік те ұзақ уақыт бойы өмір сүретін газет материалы іспеттес. Телевизия сценарийі көп ретте ықшамдау келеді және кездейсоқ жазыла салуы мүмкін. Уеб-материал жазу көп уақыт алады және мұнда тыныс белгілерді дұрыс қою қатаң талапқа жатады. Тыныс белгілері демекші, бұл сізді эфирде де жақсы қырыңыздан танытуға жағдай жасайды. Мәтінді неғұрлым дұрыс қалыпта жазсаңыз, эфирде соғұрлым жақсы сөйлейтін боласыз. WINK радиобағдарлама мәтіндерінің авторы және репортері Жад Криббс былай дейді: «Репортажымның видеоларын интернетке жариялар кезде көшірмелерін жай ғана қоя салғаннан гөрі, қосымша дерек ретінде ілеспе мәтінді пайдалануға тырысамын. Мәтінге қосымша танымдық ақпарат, мазмұн немесе уақыт шектеуіне бола видеоға енгізе алмаған ұсақ-түйектерді қосуға тырысамын.Менбас алыпқашатын екі нәрсе: 1. Сценарийімді мәтіндік терезеге айна-қатесіз көшіріп қоя салу. Интернеттен материал оқып, ізінше ((СГ=БҰРЫНҒЫ ОҚУШЫНЫҢ АНАСЫ)) 44:35 Мұның бізге көмектесетініне сенеміз. Бұрын жиі болмайтын, бірақ кейін мұның үнемі орын алып тұратынын білдім. Өзге ата-аналардан естідім. Бұл – адам айтса нанғысыз жағдай. ЖАЗЫЛҒАН ШАҒЫМДАРДЫҢ КӨБІ... БҰРЫН-СОҢДЫ СОТҚА ДЕЙІН ҰЛАСПАҒАН. БҰЛ АНАНЫҢ АЙТУЫНША... КӨПТЕГЕН АТА-АНА КИНГКЕ ҚАРСЫ ШЫҒЫП, АЙЫПТАУҒА ИМЕНЕДІ. ОЛ ТАҒЫ БАСҚА БАЛАНЫҢ ЖӘБІР КӨРГЕНІН ҚАЛАМАЙДЫ. 46:42. Қалайша оның басқа балаға қол көтеруге, тіпті тәуекелге баруға дәті барады? Бұл осы жерде өте маңызды бір мәселенің бар екенін аңғартады. ПАСТОР КИНГ ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ТІЛШІЛЕРМЕН ТІЛДЕСЕДІ... ОЛ СОТТЫҢ ӨЗІН АҚТАП АЛАТЫНЫНА ҮМІТ АРТАДЫ. ((СГ=ПАСТОР ПАУЛ КИНГ/ HARBORVIEW ХРИСТИАН ШІРКЕУІ)) 11:13. No. Ешқандай. Мен – Құдайдың құлымын және өтірікке мойынсұнбаймын. Жанет Уилсонның келісімі бойынша пайдаланылды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==