Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

5-ТАРАУ 206 П-ПАСТОР ОҚИҒАНЫҢ ӨРБУІ П-ПАСТОР ОҚИҒАНЫҢ ӨРБУІ ШОУ МЕРЗІМІ ДЕРЕККӨЗІ 6p 7/3 П-ПАСТОР ОҚИҒАНЫҢ ӨРБУІ 390 07/04 08:44:54 PKG ПРОДАКШН АҚПАРАТТЫҚ СИГНАЛЫ: СЦЕНАРИЙ: ((СГ=ПУНТА-ГОРДА ҚАЛАСЫ/ДҮЙСЕНБІ)) 46 ЖАСТАҒЫ ПАСТОР ПАУЛ КИНГКЕ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫГЕЗДІК ТАНЫТҚАНЫ ҮШІН АЙЫП ТАҒЫЛДЫ... ДЕГЕНМЕН ШЕРИФТІҢ БАЯНДАМАСЫНА СӘЙКЕС... КИНГКЕ БІРІНШІ РЕТ АЙЫП ТАҒЫЛЫП ТҰРҒАН ЖОҚ. ӨТКЕН ҚАЗАН АЙЫНДА ДУГЛАС ПУЛ... КИНГ СОҚҚЫҒА ЖЫҚТЫ ДЕП... ШАҒЫМ ТҮСІРГЕН БОЛАТЫН. БЕЛГІЛІ БОЛҒАНДАЙ, КИНГ ПУЛДЫ ИТЕРІП ЖІБЕРГЕН, АРТЫНША ПУЛ ОҒАН ҚАРСЫ ТҰРА ЖҮГІРГЕН. БАЯНДАМАДАҒЫ МӘЛІМЕТКЕ СҮЙЕНСЕК, КИНГ ПУЛДЫҢ БАЛАСЫН ЖАЛА ЖАПҚАНЫ ҮШІН АЙЫПТАҒАН. 1997 ЖЫЛЫ... КИНГКЕ ҚАРСЫ ТАҒЫ БІР ШАҒЫМ ТҮСКЕН БОЛАТЫН. БҰЛ ЖОЛҒЫ ШАҒЫМДАНУШЫ АНАНЫҢ АЙТУЫНША, ОЛ ӨЗ БАЛАСЫН ШАПАЛАҚПЕН ҰРУҒА МӘЖБҮР БОЛҒАН, ӘЙТПЕСЕ САЗАЙЫН КИНГ БЕРЕР ЕДІ. ӨЗІНІҢ КІМ ЕКЕНІН БІЛДІРГІСІ КЕЛМЕЙТІН... ӘЙЕЛ... МЕКТЕП ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЖЕТ ДЕП САНАЙТЫН ТӘСІЛДЕР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАЗАЛАУҒА РҰҚСАТ БЕРЕТІН ФОРМАҒА ҚОЛ ҚОЮҒА МӘЖБҮР БОЛАТЫНЫН АЙТАДЫ. Сондай-ақ оқиғаның ортасында жүретін тілші репортаж мәтінінде қысқарған сөздерді пайдаланып, ауызекі тілде желдіртіп жазуы мүмкін. Өзім интернет парақшадағы мәтіннің неғұрлым ресми жазба тілде жазылғанын құп көремін. Бұдан бөлек, оқиғаның басы-қасында жүретін тілшілер толық сөйлемді үнемі қажет ете бермейді. Мәтінді интернетке бейімдеп өзгерту web жазушыға байланысты. Тағы бір айта кетерлік жайт – оқиға ошағында жүретін тілшілер орфографияға аса көңіл бөлмеуі де мүмкін. Орфография – интернет парақшадағы ең маңызды дүние. Мен жазған репортаждың бірі (келесі беттегі «Пастор туралы» мақала, интернетке бейімдеп қайта жазылған телерепортаждың мысалы ретінде пайдаланылды), станция оқиға туралы екінші телерепортаж жасағанша жария етілмеді. Оқырманға мән-маңызын жоғарылатып ұсыну мақсатында репортажға қосымша анықтамалық ақпарат қосылды. Эфирге шығатын телевизия ақпаратына қарағанда, интернет репортажы өзгеше құрылады. Төменде Жанет Уилсонның телевизиялық репортажды интернетке бейімде- ген үзіндісі ұсынылған. Телевизиялық трансляцияға жазылған бірінші сценарий мен интерент аудиторияға бейімделіп жазылған екінші сценарийдің арасынан қандай өзгеріс байқадыңыз?

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==