Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

205 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы етіп жеткізе алады. Интернетке жазуға келсек, гәптің бәрі жазбагерлікте. Көптеген сайтта визуалды дүниелердің қатарын көбейтетін сюжеттер жоқтың қасы. Сөз репортажды толтырып, оның өзектілігін оқушыға жеткізуі керек. ■■ Жазу техникасы: адам телевизия жаңалықтарын қысқа-қысқа сөйлемдермен жеткізуге бейім келеді. Сайтқа арналған мақаланы жазудағы айырмашылық – мұндағы сөйлемдердің ұзын сонар қалыпта болуы, бәрін сипаттау үшін керек. Бұл газет немесе журналдағы жазу әдісіне қатты ұқсас. ■■ Тіл: аллитерация (бірыңғай дыбыстардың қайталанып қиысуы) – көбінесе телевизия жаңалықтарында не болмаса тизерлерде немесе көшірмелерде пайдаланылады. Аллитерация тыңдаушыға сөйлемнің дыбысталуын оңай есте қаларлықтай немесе қызықты қалыпта жеткізеді. Интернет парақшаға жазылған сөз бұл әдісті қажетсінбейді. Сайт авторы әр сөздің айтылуы алуан түрлі екендігін есте сақтауға тиіс. Жаңалық жүргізушісі «жетекші зерттеуші» туралы сөз етіп жатқанда, көрерменнің ойына зерттеуге басшылық ететін тұлға туралы айтып жатқандығы түседі. Ал интернетте мұны анықтап жазу қажет. Мұндағы әңгіме металдың бір түрі саналатын қорғасынды зерттейтін адам туралы емес. Бұл зерттеу – жауапты басшы тұлға туралы. Интернет авторы тыныс белгіге қатысты бірқатар нұсқаларды жадында ұстауы керек. ■■ Визуалды материалдың қолданылуы: сайттардағы визуалды материалдар мәтін жазумен қатар дайындалсын. Жаңалықтар шығарылымы парақшада рет-ретімен орналастырылады, сондықтар бүкіл шығарылым көрерменге көрініп тұрады. Жатық интернет трансляциясын көретін адам мен сайттан жекелеген репортаж қарайтын адамның бірдей болмауы да мүмкін. ■■ Репортаждың ұзақтығы: бұл жерде максимум немесе минимум ұзақтық жоқ, қалай болғанда да WlNK-TV -дің сайтында солай. Телевизия жаңалықтарын жазуға берілетін уақыт шамамен бір минутпен шектеледі. Интернет репортажда шек болмауы мүмкін. Газет бетіндегі мақала секілді, мұнда белгілі бір формат не болмаса өлшемге сай келуі міндетті емес. Интернет репортаждың ұзақтығы оқиғаны сипаттауға қанша уақыт қажет болса, сонша уақытқа созылады. ■■ Интернетке арналған интерактивті элементтер: интернет оқырманды санында есеп жоқ сайттарға бағыттауы мүмкін. Мысалы, мақала алапат дауыл жайында болса, интернет оқырманы толық ақпаратпен хабардар болу үшін дауыл жөніндегі ұлттық орталыққа немесе FEMA -ға (Төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агенттік) бағытталуы мүмкін. Жаңалық дайындаушының бәрі сарапшы емес, десе де оқырманды сарапшылармен байланыстыра алады. ■■ Телевизия мен интернеттің айырмашылықтары: телевизиядағы ақпараттық сюжетте тілші нысанды қолмен нұсқап «мына құжатқа қараңыздаршы» немесе «мына күлі көкке ұшқан үйге көз салыңыз» деп айта алады. Интернет репортажына келсек, мұнда визуалды материал болмаса, нысан немесе оқиға сөзбен сипатталуы қажет. Егер сайт телестанциядағы жаңалықтар бөлімінің кеңейтілген желісі саналса, сайтқа ақпарат ағымын телестанция жеткізетінін аудиторияға ескерте кету маңызды. Репортажды интернетке арнап қайта жазғанда, мәтіндегіден де сипаттамалы сөздер ойлап табуға шама-шарқым жетсе, репортердің сөздерін ауыстыра аламын. Сонымен қатар оқиғаның басы-қасында жүретін тілшіде бар уақыт жағынан қатал шектеулер, менде жоқ. Кей кезде, менің еншімде, оқиғаны біршама жақсырақ қалыпқа түсіруге алып келетіндей материалдарды қайта жасақтауға аздаған қосымша сәттер болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==