Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 204 сипаттағысы дұрыс) туралы біршама идеялар беруі керек. Дегенмен кәдімгі электронды пошта жазудан шебер жазушылардың грамматикасын, орфографиясын, тыныс белгілерін және бас әріптерін қолдану тәсілдеріне еліктеу сіздің кәсіби коммуникатор ретіндегі беделіңізге еш әсерін тигізбейді. Бұл «жаңа медиа» – расымен де, «тың» дүние. Оқырманның талап-тілектері мен әдеттерінің қаншалықты дамитындығын кесіп-пішіп айту қиын, әсіресе экран бұрынғыдан да үлкенірек, жарқылдақ, жазық және ұсақ-түйекті қалыпқа айналып бара жатқан қазіргідей уақытта. Интернет жаңалықтардың газет пен телевизия жаңалықтарын жазу тәсілде- рінің комбинациясы екенінің мысалы ретінде, MSNBC -ге шыққан « G-8 көшбас- шылары ғаламдық жылынуды шектеуге қатысты келісімді талқылауда» атты ма- қаласын айтуға болады. Datelined Rome -нің бірінші параграфы газеттегі ақпарат мақаласы секілді жазылған: «Сәрсенбі күні Үлкен сегіздіктің саммитінде бас қос- қан әлемдік көшбасшылар – ғаламдық жылынудышектеуге қатысты ықтимал та- рихи шешімшығару мәселесін талқылады, алайда күтілгендей, қуатты қозғаушы шараларды күн тәртібінен алып тастау үшін экономиканы қайта қалыпқа келті- рудің белгілері әлі жеткілікті деңгейде мығым емес екендігін атап өтті». Кіріспе параграфтың тұсында, АҚШпрезиденті Барак Обама мен Италияның сол кездегі премьер-министрі Сильвио Берлускони екеуінің суретінің астында кездесу тура- лы видеоны «қосуға» арналған батырма бар. Материал газет бетіне жарияланған мақала секілді, терең сипатты қамтуды жалғастырады, бірақ мұнда интерактивті сегменттер қосылған, соның ішінде Обаманың алдыңғы күні Италия еліне кел- гендігі туралы хабарлама, жиындағы бірнеше көрнекті көшбасшылар туралы бү- йірлік бағанға орналастырылған мақалалар мен видеолар, сонымен қатар «Жер сілкінісінен кейінгі дүмпу G-8 әуе тасымалдау жобасы жайында хабарлайды» және « G-8 климатты өзгерту қорына іздейтін қолма-қол ақша» секілді тақырып- тарды қамтитын жиынға қатысы бар мәтін мен видео да бар. MSN Music News -тен алынған басқа мысалға зер салсақ: «Жексонның балала- ры көпшілік алдына шықты» атты жаңалық – поп жұлдыз Майкл Жексонның жаназасына қатысты болды. Datelined Los Angeles -тің лидтік параграфы былай жазылған: «Әлемнің қырағы көзінен қалқаланып келген Майкл Жексонның үш перзенті нөпір халықтың ортасына шықты және жүрек елжіретерлік дебют жа- сап, бейсенбілік рәсімге қатысты». Газет стилінде жазылған мақаланың қалған бөлігі Жексон үрім-бұтағының жаназа рәсіміндегі ақпараттық репортажы бол- ды. Алайда интернеттің интерактивті мүмкіндіктерін пайдаланып, қолданушы «Қызының әкесін жоқтауы», «Жаназа рәсімін көру», «Жексонды жерлеу рәсімін- дегі цитаталар» және «Суреттер: Жексонды жерлеу рәсімі» секілді бір-бірімен кезектескен материалдарды оқи алады. Жергілікті телевизия жаңалықтарын тарататын станциялар әлі күнге дейін негізгі өнім осында шығарылатын аздаған форматтардың бірі саналады, себе- бі медиаиндустриядағы конгломераттар саны күн сайын арта түсуде. Флорида штаты Форт-Майерстегі WINK-TV аймақтық станция ретінде бірқатар елге тара- лады. Жаңалықтар директорының бұрынғы атқарушы көмекшісі Жанет Уилсон өз жазба жұмыстарына телевизиядағы ақпаратты станцияның сайтына лайық- тап қайта жазу тәсілдерін қосты. Төмендегі тізімде сол жаңалықтарды интернет- ке бейімдеп жазуда өзі қолданған бірнеше арнайы тәсілдер мен әдістерді, соны- мен қатар теле-радио мен интернетке арнап жазу арасындағы бірқатар маңызды айырмашылықтарды сипаттайды. ■■ Әдіс: телевизияжаңалығы– визуалдысипатқа ие. Көпжағдайда кадрлар репортажға жан бітіреді. Жазбагерлік көрерменге мұның маңызын арттырып, не түкке тұрғысыз
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==