Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

203 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы түпнұсқалы концепциясы саналатын «гипермәтін» сөзін 1960 жылдары адам- затқа арналған компьютер жөніндегі евангелист Тед Нельсон компьютердің күндердің күнінде күші жетер деген үмітпен жазудың жаңа сызықсыз және желілік емес түрлерін сипаттау мақсатында ойлап тапқан болатын. Онлайн тілшінің жұмыс істеуде (немесе қайта жазуға маманданған редактор) телеви- зия және газеттегі әріптесіне қарағанда мүмкіндігі мол. Мақалада қала кеңесі- нің бюджетті қолдануы туралы, қала әкімінің шатырды жөндеу туралы өткен жылы берген уәделері немесе төбенің жартысын күйретіп түсірген жаңбыр маусымы туралы, өткен жылы болған жиналыс туралы экранның бүйірінде- гі бағандар болуы мүмкін. Ал баспасөз беттерінде автор бұл элементтердің барлығын бір арнаға тоғыстыруға тырысуы мүмкін. Интернетке келсек, мұнда олар орталық мәзірмен байланысқан жекелей пункт ретінде жазылуы мүм- кін. Мұнда оқырман бірінші немесе жалпы нені оқу керегін таңдай алады. Дәл осындай үрдіс газеттер мен журналдарда да көп жыл бойы орын алуда. Күрделі жазылған мақала бірнеше серияға бөлініп берілуі мүмкін немесе негізгі баяндауға сәйкес келмейтін сәттерді түсіндіру үшін қысқа бүйірлік бағандар қосылуы мүмкін. Газеттің ауқымды беттеріндегі бүйірлік бағандар, қорапшалар және суреттер сол бетке көңіл аударуға мүмкіндік жасайды. Шағын экранды компьютерден қарағанда, интернет парақшадағы мәзір де осындай дүние ұсына алады. Егер мақала баяндауға сай келмейтіндей көрінсе, ақпаратты логикалық блоктарға бөліп, әр блокты жекелей парақшаға орналастырып, сонымен қатар оларды бірге байланыстыруда эксперимент жасап көрудің көптеген себебі бар. Мұндай гипермәтіндік құжат неғұрлым күрделі болған сайын, уеб-шолулар, қысқа ақпарларжәнепазлдыңбарлықбөліктерініңкарталарын ұсынып, соғұрлым құжатты теңдестіруі қажет. Сонымен қатар интернет публикацияныжоспарлағанда автор ұсақ-түйек немесе «медиа байлығы» бойынша топтарда ақпаратты ұсынуды ескереді. Компьютерлік жүйелері немесе браузинг уақыты суреттерді, аудио немесе видеоны көптеп көрсете алатын сайт қолданушылары cол топтардан – өздеріне керегін таңдауы мүмкін. Газет-журнал авторларына қарағанда, теле-радио журналистері жаңалықтарды сүзгіден өткізуге және араларынан қажеттерін таңдап алуға мәжбүр. Аудиторияға жүйелі пакет ұсынылады, алайда қабылдауды не ысырып тастауды патша көңілдері біледі. Интернет журналистикада мақаланы жоспарлау нені айту керегін шешу ғана емес, сонымен қатар оны айтудың формасын не формаларын таңдау. Онлайн сайттардың авторлары мен продюсерлері мақаланы жеткізуде қай тәсілдің: мәтін, кадр немесе бейне, дыбыс немесе комбинацияның бәсі озық екендігін өздері шешеді. Әр медиумның өзіндік мықты тұсы бар. Видео адамдарды, эмоцияларды және әрекеттерді түсіріп алады. Иә, камераны жанарларынан жас сорғалап тұрған адамдарға, ұшақтың жерге қонуына, азулы арыстанға немесе отқа оранып жатқан ғимаратқа бағыттаңыз. Дегенмен суретте не болып жатқандығын түсіндіру үшін «құр сөзбен қуырдақ қуырушы» репортердің орнына мәтінді қолдануды қалауыңыз мүмкін. Кейін оқиғаның қысқаша тарихы, толық жай-жапсары және ұқсас мақалалармен байланыстыру үшін интернеттегі гипермәтіндік сілтемелерді қолданыңыз. Сондай-ақ сценарийді оқып тұрған диктордың дауысын емес, адамдардың оқиғаға қатысты өз көрген-білгендерін айтқан табиғи дыбыс пен дауыстарды жеткізу мақсатында аудионы қолданыңыз. Интернет оқырманы мұқият қарауға бейім келеді, сол себепті олардың көңілін аулаудың үздік тәсілдері – тақырыптар, тақырыпшалар, сурет қолтаңбасы, қысқа ақпарлар және негізгі фактілердің таңбаланған тізімдері кезек-кезегімен беріледі. Егер электронды пошта оқырманның онлайн режимде оқуының басты тәжірибесі саналса, бұл сізге стиль және үн (жекелей және жайбарақат

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==