Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

5-ТАРАУ 202 Интернет ақпаратын жазу Профессор, газет ардагері және интернет журналисі, интернетке арнап мәтін жазудан ел ішіндегі сарапшылардың бірі – доктор Боб Степно интернет жур- налистикаға анықтама беріп, студентке уеб-жаңалықтар жазудың тәсілдері мен әдістері жайында мынадай кеңес берді: Бүкіләлемдік өрмек торабындағы жаңалықтар, ақпараттық және ойын-сауық сайттарына материал жазумен айналысатын авторлар басқа медиаға жазуда қолданатын машықтарды, яғни тілге деген қызығушылық және сүйіспеншілік негізіндегі базадан бастап, грамматика, орфография және тыныс белгілері секілді, басқа да негізді пайдаланады. Интернет цифрлық қалыпқа қайта түрленетін кез келген нәрсені: мәтін, сурет, анимация, дыбыс, толық масштабты видеоны, сонымен қатар белсенді аудиторияға таңдаужасауға, хабаржіберуге, мәліметтербазасын іздеугежәне ойын ойнауға мүмкіндік жасайтын компьютерлік бағдарламаларды жеткізе алады. Сиқырдың бәрі «екілік цифлар» деп аталатын компьютер кодтарының бірліктері мен екіліктері – «биттерде». Бұл – биттер, дыбысты немесе түсті ұсынатындығына қарамастан, бірдей сымдар және талшықты-оптикалық желілер бойынша өтеді. Бұл интернеттің қолынан барлығы келетінін және медианың барлық түрін жеткізе алатынын білдіреді. Жаңалықтағы кіріспе параграф, жол мен тақырып сайттың басты парақшасында үнемі көрсеткіш элементі ретінде пайда болады. Ал уебтің «жарамдылығы» бойынша сарапшылар тақырыптардың газеттік конвенциялары, қысқа ақпарларжәне «төңкерілген пирамида» сипатындағы мақаланы қолдануды ұсынады. Олар зерттеулерден (және пайымдарынан) оқырманныңинтернет кеңістігінің төңірегінде өзжолын зерттеп, қарастырып жатқанын білген. Сонымен қатар оқырман бірінші параграфты айналып өте алмауы мүмкін. Газет парақтарындағы ең маңызды мақалалардың «бірінші бетте» тұратын дизайны секілді, интернет парақшасындағы маңызды ақпарат оқырман сайтқа кіргенде-ақ көрініп тұруы керек. Оқырман терезені ұзақ сырғыту арқылы ең төменгі жақтан іздемеуі керек. Компьютер экранындағы мәтінді қараудың қолайсыздығын ескеріп, қысқа мақалалар мен қарапайым құрылымдар жайында көп әңгіме айтуға болады. Бұл автордың «нарративті» немесе «очерктік» тәсіл бойынша мақала жаза алмайтындығын, сахна не болмаса қысқа әңгімеден басталатын газет очеркінің жарияланбайтындығын білдірмейді. Wall Street Journal басылымы «қысқа оқиғалы лидтің» бір отауын атау үшін мұны үнемі пайдаланады. Қисынды және ақпараттық айдарлар, суреттер және жекелеген мазмұндама параграфтары оқырманды мақалаға жол сілтейтін әдістердің қатарында. Мұндағы жақсы жазылған қысқа оқиға (anecdote) экрандағыдай әрі баспасөз беттеріндегідей де тартымды болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар бірінші беттегі мақала немесе қысқаша мазмұны оқырманның қалауы бойынша кез келген дүниеге айналуы мүмкін. Сол себептен, олар «тизерден» де мол мағынаны қамтуға тиіс. Сол секілді, тақырыптар, тақырыпшалар, белгіленген кілтсөздер және таңбаланған тізімдер асығыс оқырманға біраз ақпарат алуға көмектесіп, әрі қарай жылжуға жағдай жасайды (егер оның мақсаты сол болса). Егер сіз оқырманға өзіңізге жалақы төлейтін компанияның мыңдаған жарнамаларын көрсету мақсатында сайтта ұзақ кідірту секілді пайдакүнемдік ниетті көздесеңіз, сіздегі бос уәде мен көпірме жарнаманың оларды басқа сайттарды қарауға итермелейтіні анық. «Таңдау» бұл тек тінтуірді шерту ғана, сол себепті интернет үшін жазу тә- сілі – түрлі таңдауларды, атап айтсақ, қысқа және ұзақ мақалалар таңдауын, кіру нүктелер таңдауын және медиа таңдауын ұсынуы керек. Интернеттің

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==