Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
201 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы керу, әрі станция келбетіне сай соңғы жаңалықтарды ұсына білу сезімін сақтау үшін жай ғана қайта жазғаныңыз абзал. Төменде радиостанцияның жаңартылған репортажында жарияланған бірдей ақпарат материалының үлгілері берілген. Таңғы сағат 6:00. Жаңарту: «Бүгін қазан айының бірінші дүйсенбісі... бүгін АҚШЖоғарғы соты жаңа мерзімін бастайды. Сот түсік тастауға қатысты тағы үш істі қарайды. Гарвард университетінің профессоры Лоуренс Трайб соттың Роудың Уэйдке қарсы ісін егжей-тегжейіне дейін қарастыруы мүмкін екендігін айтады» (ТРАЙБ: «... жанартаудың атқылауы»). 7:00. Жаңарту: «Бүгін қазан айының алғашқы дүйсенбісі... Енді Жоғарғы сот жаңа мерзімін бастамақ» Жоғарғы сот үш істі қарастырмақ... істің әрқайсысы түсік тастау бойынша әйелдер құқығын шектеуге бағытталған». (ТРАЙБ). 7:30. Жаңарту: «АҚШ Жоғарғы соты жаңа мерзімге кіріспек... және судьялар түсік жасатуға баса назар аударуды жалғастыра бермек деп күтілуде. Қайырлы таң. Сот алдында қарастырылатын абортқа қатысты үш оқиға бар… оның екеуі ата-анасының келісімі немесе құлағдар етілуі бойынша жасату... үшіншісі дәрігерлер кеңселері және түсік жасатумен айналысатын клиникалардың кәдімгі аурухана секілді жабдықталуын талап ететін Иллинойс штатының заңнамасы мен ережелері бойынша жасату. Федералдық аппеляциялық сот бұл заңнаманы конститутцияға қарсы деп таныды». (ТРАЙБ). 8:30. Жаңарту: «Түсік жасату. Жеке өмірге қол сұқпау құқығы және өлім құқығы. Жаңа мерзімін бастайтын Америка Құрама Штаттарының Жоғарғы соты тек үш мәселені қарастырады. Қайырлы таң. Көптеген бақылаушының айтуынша, біз көбінесе соттың консервативті бағытқа қарай өзгеруін көретін боламыз. Сол бақылаушылардың бірі – Гарвард университетінің профессоры Лоуренс Трайб». (ТРАЙБ) «...Бұған қоса, сот халықты нәсілге бөліп алалайтын істер бойынша судьялардың өкілеттігін қарастырмақ. Біреуі Нью-Йорк штатындағы Йонкерс қаласындағы мемлекеттік тұрғын үйге қатысты». Шерман Уитменнің келісімі бойынша пайдаланылды, WBCN-FM Radio, Бостон.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==