Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

5-ТАРАУ 200 қоғамға тигізер ықпалын бағалайды, сол репортаждардың өңін жергілікті тұр- ғындарға лайықтап айналдыра алады. Мұндай жағдайда диктор жаңалықты қай- тадан жазып шығады. Кез келген ауқымдағы теле-радиостанцияның авторы өз көрермені мен тың- дарманы үшін маңызы зор саналатын бағыт немесе қызығушылық табуға тыры- сады. Бұл – жергілікті жерде жинақталмаған жаңалықтарды қайта жазу. Мыса- лы, мемлекеттік немесе штаттық экономикаға қатысы бар репортаждар олардың жергілікті экономикаға, іскерлік жағдаяттарға не болмаса кәсіподақтар мәселе- леріне қатынасын көрсету үшін қайта жазылуы қажет. Қайта жазудың кең таралған түрі – ақпаратты жаңарту. Үлкен маңызға ие оқиға бір жарияланғаннан кейін жым-жылас жоқ болып кетпейді. Дей тұрған- мен, күні бойы бірінің артынан бірі ілесіп шығатын жаңалық шығарылымдарын- да бірдей оқиғаны қолдану, оны бірнеше мәрте естіген аудитория мүшелерін теріс бұруы ықтимал. Станция «көнерген ақпаратты ұсынады екен» деген пікір қалыптасуы мүмкін. Бұған мысал – 2013 жылы Бостон марафонында орын алған жарылыстың жа- риялануы. Аса үлкен маңызға ие сол оқиға күндер бойы, тіпті апталап баспасөз бетінен түспеді. Қалың бұқара оқиғаның қалай болғандығы және қылмыскерлер- ді іздеуге қатысты ақпаратты асыға күтті. Жаңа ақпараттың жоқтығынан желілер мен станциялар халықтың қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында әуелгі бірнеше күн бойы бұл оқиғаға қатысты репортаждарды қайталап ұсынып, эфир көзінен таса қалдырмады. Қайталаудың құнын көк тиын құрлы көрмейтін, ақ- паратқа ашкөз көрермен теледидарды өшіріп тастап жатса, жаңадан қосылған көрермен үшін ұсынылған материал айтарлықтай ескірген қалыпта көрінбеді (дегенмен көптеген көрермен оқиға басталғалы теледидарды қосып/тіркеп, жай- жапсарды бақылап жүрген болатын). Жаңалық тілшілері бірдей материалды жаңалық жариялаудың жаңа түрлеріне салып, қайта жазып шығып, ескі мате- риалды жаңа форматтарда ұсыну қиындығына тап болды. Ақпарат сюжеттерін жаңартар кезде, бірнеше маңызды элементтерге мән бе- ріңіз. Алдымен сюжетке қосатын қандай да бір хард жаңалық, кез келген фактіге негізделген ақпараттың бар-жоғын анықтаңыз. Екіншіден, егер оқиға айтарлық- тай маңызға ие болса, журналистік зерттеу көмегімен бірнеше қосымша қысқа- ша тарихы бар ақпарат қазбалануы керек. Ал егер маңызы жоқ болса, сюжетті бірінші эфирге ұсынған кезде, айтылмаған жаңа деректер қолданылуы мүмкін. Үшіншіден, оқиғаның қоғамға тигізер әсеріне байланысты, ақсүйектен бастап қарапайым тұрғындарға дейін кез келген адам өз пікірлерін білдіреді, себебі сю- жеттің алғашқы шығарылымы болған соң түсіністікпен қаралады. Бұл коммента- рийлерді қосыңыз, мүмкіндігінше, жазып алынған сұхбаттар сипатында енгізіңіз. Төртіншіден, репортаждың табиғатына сай келесі күнде болатын өзге де оқи- ғалармен байланысты құбылуы мүмкін. Жаңартуларыңыз сол байланыстарды көрсететін жаңа материалды қосуы мүмкін. Бесіншіден, репортаж бағытталатын аудиторияға сай қайта жазылғаны жөн. Жұмысқа шығуға әзірленіп жатқан немесе жұмысына апарар жолдағы қауырт уақытта радио жаңалықтарын тыңдап отырған адамның, үйде отырған, жаңа- лықтарды бірнеше сағат кеш тыңдайтын адамға қарағанда, жаңалықтарды тың- даудағы қызығушылықтары өзгеше болуы мүмкін. Теледидардан таңертең ерте берілетін жаңалықтардың кешқұрым немесе түнгі уақыттағы жаңалықтармен салыстырғанда аудиториясы бір бөлек. Соңында, тіпті ешбір қосымша ақпарат не болмаса ақпарат материалының мазмұнын өзгертетін кез келген басқа бағыт болмай жатса, алуандылықпен көм-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==