Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

199 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы Асығып-үсігіп визуалды материалдың ішіне барлығын әкеп тықпалаудан ау- лақ болыңыз. Тіпті жаңалықты жылдам тыңдауға еті үйреніп кеткен көрермен- нің өзі ақпаратты сіңіру үшін біршама уақытты талап етеді. Жалпы айтқанда, экрандағы кез келген суретті үштен бес секундқа дейінгі уақыт аралығында ұстап тұруға тырысыңыз. Бұдан да көп ұстасаңыз болады. Бұл репортаждың маңызы- на байланысты. Өйтпесеңіз, аудиторияңызды кілең монтаждан құралған құрғақ, әрі мазмұнға еш фокусы жоқ жылдам суреттер сериясымен «қоректендіретін» боласыз. Егер сіз ақпарат ұсынғаннан гөрі, көңіл күйді баурап алуды көздесеңіз – монтаждау тәсілі дәл келеді. Ақпарат материалын жинақтап болған соң, қайсысын бірінші және екінші орынға қою мәселесімен бас қатырасыз. Әу бастан-ақ тілші жазған материалдан репортаждың не туралы екендігінен хабардар боласыз. Десек те алдымен қолы- ңызда бар визуалды материалдарды қарамай тұрып, сіз жұмысты сценарий, диа- лог немесе әңгіме жазудан бастап кете алмайсыз. Осылайша материалдар арасы- нан қайсысын пайдалануды анықтайсыз. Визуалды материалдарды іріктеп алған соң, оларға орайластырып, баяндау мәтінін жазуға кіріссеңіз болады. Визуалды материалдарды қарақан бастың пайдасына пайдаланудан қашық болыңыз. Олар репортаждың құрамдас бөлігі болуға тиіс және өздігінен репортажды әңгімелеп беруге қабілетті болғаны абзал. Керемет түсірілген материалдарды тауып алуы- ңыз әбден мүмкін. Алайда репортаж жетелемейтін болса қолданбаңыз. Кей кездері, әсіресе дерек қоры шектеулі шағын тәуелсіз станцияларда белгілі бір жаңалық шоуын әзірлеуде визуалды материалдардың тапшылығымен кезде- сіп қаласыз. Егер тілшіні бұдан да көп ақпарат табуға жібере алмасаңыз, бірнеше дереккөздерден қосымша визуалды материалдар табуға тырысыңыз. Архивтегі киноленталар, видеотекадағы кадрлар, штаттағы дизайнер салған графикалар және интернеттегі жарамды материалдар – осының барлығы «құр сөзбен қуыр- дақ қуырушы» диктордан мың есе артық. Сіз сол визуалды материалдардың не айтары бар екендігін анықтап, мұны кадрдан тыс мәтін сипатында баяндай ала- сыз. Мысалы, бүгін орын алған алапат дауылдың түсірілімі келесі шығарылымда дайын болатынын ескертіп, дәл сол мекенде былтыр түсірілген алапат дауылдың мұрағаттағы кадрларын көрермен назарына ұсынуға болады. Автор үшін ең маңыздысы – хронометраж . Визуалды материалға нақты уақыт шегін арнайсыз, әсіресе жиынтықсыз жатқан материалдарға қатысты. Визуалды материалға қарағанда, ұзақ немесе қысқа уақытты қамтитын бағдарламаның үн- сіз сегментіне кадрдан тыс дауысқа қажет баяндау мәтінін жазып әуре болмаңыз. Егер визуалды сюжет қысқалау және баяндау мәтіні репортаждың маңызды бө- лігі саналса, баяндау мәтінін кадрдан тыс диктордың біреуіне ұсыныңыз немесе визуалды сегментке беташар немесе ілеспе сөз ретінде пайдаланыңыз. Бағдарла- ма қысқа не ұзақ уақыт ішінде аяқталатын жағдайда, автор бағдарламаның соңғы сюжеті үшін түрлі хронометраждағы әңгімелерді әзірлеп қоюы қажет. Бірдей сюжетке арналған баламалар түрлі хронометражда болуы немесе алуан хроно- метраждағы мүлдем өзгеше сюжеттер болуы мүмкін. Қайта жазу Жаңалық жазушыға, әсіресе жергілікті станцияда қызмет ететін журналиске тиесілі міндеттің бірі – мәтінді қайта жазып шығу. Жаңалық жинақтау серви- сі жоқ кішігірім станция кей кездері ақпарат агенттіктеріне толығымен тәуел- ді болады. Еншісінде, қажетті уақыты мен күш-жігері бар диктор репортаждың

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==