Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 198 ОТЫРУДАН ҚИЫН ЕШТЕҢЕ ЖОҚ ЕКЕНДІГІН АЙТАДЫ. ГОЛОДНЕР: «Балалардың арқасында ақша тауып жатқан адам саны жетерлік». SONY 2:34 «Балалардың арқасы» ТЕГ: БҰЛ БАСТАМАНЫҢ СӘТТІ НЕМЕСЕ СӘТСІЗ БОЛУЫ – АДАМ БОЙЫНА СЕНІМ ҰЯЛАТА АЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАТЫНЫ СЕКІЛДІ. ДӘЛ ҚАЗІР ЖЕРГІЛІКТІ САУДАГЕРЛЕР, ӨЗДЕРІ САТЫП ТҰРҒАН КІЛЕМДЕРДІҢ БАЛА КҮШІМЕН ТОҚЫЛМАҒАНДЫҒЫН АНЫҚТАУДА, ӨЗДЕРІНЕ БЕЙТАНЫС «КІЛЕМШЕ ЗАТТАҢБАСЫН» ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДАН ГӨРІ, ӨЗ ЖЕТКІЗУШІЛЕРІНЕ СЕНІМ АРТҚАНДЫ ҚҰП КӨРЕДІ. ДЕЙ ТҰРҒАНМЕН, «КІЛЕМШЕ ЗАТТАҢБАСЫ» ӘСЕР ЕТУДЕ. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР ЗАТТАҢБАСЫ БАР МҰНДАЙ КІЛЕМДЕРДІҢ ЕЛ ІШІНДЕГІ ДҮКЕНДЕРДЕ, МҮМКІН, КҮЗ МЕЗГІЛІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫНДЫҒЫН АЙТАДЫ. Паула Лайонс және WBZ келісімі бойынша пайдаланылды, Бостон. Радио: аудио материалдар Радиодағы жаңалық жазу тәсілі телевизияға қарағанда, газеттің тәсіліне жа- қын келеді. Телевизия репортажы оқиғаның өрбуін көрсете алса, радио репор- тажға сипаттау, әсіресе оқиға орындарын, адамдарды және түсірілімді ауызша сипаттауды көптеп қосу қажет. Радио жазушысы айқын әрі жарқын визуалды бейнелерді сөзбен жеткізіп, сөзден сурет құрастыра білуі қажет. Телевизия ауди- ториясы оқиғалар мен сұхбат берген кез келген адамды көре алады. Ал радиоға келгенде мұндай сұхбаттардағы дауыс анық жетсін. Радиода оқиғалардың және олармен байланысты адамдардың дыбыстары, оқиға орнында тікелей эфирде не таспаға түсірілген қалыптағы аудионы артқы фон ретінде, мүмкіндігінше, көп- теп қолдану маңызды. Телевизия: визуал материалдар Есіңізде болсын: телевизияда суреттің (кадрдың) орны бөлек. Көрерменнің көру мүмкіндігі барда, орташа ұзақтықты репортаждағы бірдеңені айту үшін құнды сөздерді шығын қылмаңыз. Радио журналисіне қарағанда, телевизия жур- налисі сөзден сурет құрастырмайды. Ол визуалды суреттерге баса назар аудара- ды. Болған жайтты көрсетіңіз , бірақ әңгімелеуші болмаңыз.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==