Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 212 Егер журналистикаға шынымен қызығып, мықты әлеуметтік және/немесе саяси көзқарасты ұстанатын болсаңыз, бәлкім, сіз Dish TV, Direc TV және интернеттегі бағдарламалардың мазмұны мен құрылымын қарап көргіңіз келер. FreeSpeech.org сайтының интернет кеңістігінде соңғы жылдарда жарияланған жаңалықтар топ- тамасын келесі беттерден қараңыз. Телевизиялық арналардың және кестелердің интернет нұсқалары, видеолар, сұхбаттар, лекциялар және өзге материалдар се- кілді қосымша материалға жасалған сілтемелердің әлеуметтік және саяси мәсе- лелер мен оқиғалармен байланысты екендігін ескеріңіз. Т АР ТҮСІНІК Адамның түс-тұрпатына, әйелдерге, этникалық топтарға және Американың теле-радио хабар тарату мейнстримінде толығымен назарға алынбайтын тағы басқа тақырыптардың ең маңызды мәселесі – аталмыш топтардың арнайы мүд- делері мен қажеттіліктеріне қатысты адекватты жаңалықтың жарияланбауы. FCC-ге келіп түсетін көптеген шағымдар арнайы топтарға ықпал ететін немесе олар туралы сөз қозғайтын жаңалықтардың саны мен сапасына қатысты стан- циялардың халықтың мұңын тыңдап, мәселелерін шешудегі қабілетсіздігі тура- лы наразылықтарын білдіреді. Баспасөз және электронды медиада қызмет ететін көптеген журналистердің айтуынша, «азшылық топқа» кірмейтін журналиске, бұл топқа тиесілі адамдардың мәселелерін толығымен түсіну қиынға түседі. Репортер Марта Бредли Boston Globe басылымына жазған «Медиадағы нәсіл- шілдік теңсіздіктер» атты мақаласында былай дейді: «Бәлкім, біз, негізінен, ақ түсті, орта таптағы жаңалықтар бөлімінде тек өзімізбен етене теңдестіре алатын адамдарға ғана шынайы жанашырлық танытқан болармыз... Бостонда 10 жыл медиада тілшілік еткен тәжірибемде табысы төмен, қылмысы жоғары ортада өмір сүретін азшылық топ құрбандары жайында «оқиғаның, расымен де, қалай болғандығы туралы» анықтамалық ақпарат жазғанымыздың бірен-сараны ғана есімде. Дегенмен біз ақ жәбірленушіні адам санатына қосу және жәбірленушінің отбасына ауыртпалықты көрсету үшін, қала сыртындағы аймақтарда шексіз үй- лердің есіктерін қақтық. Аз топ туралы сөз қозғайтын болсаңыз ерекше сезімталдық пен жанашырлық керек, себебі – сол топтың тарихын, қоршаған ортасын, мәдениетін, мәселелері мен арман-мұратына оң қабақ таныту міндетіңіз. Сол топтың мүшесіндей түсіні- се білу – жақсы дүниенің тууына әсер етеді. Телевизиялық жаңалықтар бөлімінің атқарушы директоры Роберт Рид «азшылық» топтың тілшісі немесе жазушысы «көпшілік» топтың кәсіби мамандарында жоқ перспективаларды ұсынып, олар- дың алдын орап кететінін айтады. «Телевизиядағы қаранәсілді журналистер бұл мәселеге байыппен қарайды, – дейді Рид. – Көшеде кісіден сұхбат алып тұрған сәтті қаншалықты жиі көресіз және неліктен қаранәсілді адамнан сұхбат алмай- ды? Қара тілші қасына өзі құралпы жандарды ертіп алып, сұхбат алушыға келе- тін секілді». Әйелдер мен өзге топтарды ақпарат репортажына қосу туралы да дәл осылай айтылды. Бұл олқылықтың орнын толтыру екіұшты тәсілді талап етеді: тілші-жазушы- ға материалдың барлық түрін жазуда тең мүмкіндік ұсыну және белгілі бір топ мүшесінің өз тобына қатысты жаңалықтарды жариялауда басқа топтың адамына қарағанда, ерекше сезімталдық пен перспектива танытатындығын мойындау. Жарнама мәтінін жазушы автор секілді, жаңалық жазушысы да эфирге бере- тін топтың қалауын, қарым-қатынасын, сезім түйсігін және мотивін білуі қажет,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==