Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 194 Еркін, объективті зерттеуге негізделген медиасыз мемлекеттік және жеке сек- торлардағы сыбайлас жемқорлық пен айлакерлікті жария түрде тексеру мүмкін емес. Жуырдағы экономикалық құлдырау, барлық медиадағы зерттеуге негіздел- ген жарияланымдардың қысқартылуына алып келді. Журналистік зерттеумен айналысқан тілшілер өз кәсіптерімен қош айтысуда. Үкіметтегі сыбайлас жем- қорлық пен корпоративтік жанжалдарды зерттеген журналистер корпоративтік насихаттау, жарнамалау және үкіметтегі қоғаммен байланысқа қатысты қызмет- терге ауысуда. Қалың бұқараны кім құлағдар етеді? Қалың бұқараны кім ескер- теді? Қалың бұқараны кім қорғайды? Насихатшы жаңалықтар Жаңалықтар, негізінен, объективті әрі әділ және саяси, әлеуметтік, діни, эко- номикалық, сондай-ақ өзге де көзқарастан бойын аулақ ұстау қажет болса да, олар қоғамдық пікір қалыптастырғысы келетін арна немесе станция иесі, репор- тер, жарнама беруші, ішкі қысым топтары және өзге де дереккөздердің талап- тілектерін көрсетеді. Болжалды объективті жаңалықтардың бағыты маңызы зор этикалық мәселені ұсынғанымен, жаңалықтарды жариялаудың кейбір аспекті- лері заңды насихаттау тәсілін негізге алады. Редакциялық мақалалар мен комментарийлер – көзқарасты немесе жеке пі- кірді ашық түрде білдіртетін насихатшы жаңалықтардың тікелей түрлері. Деген- мен бұған дейін атап өтілгендей, зерттеуге негізделген жазу және оны жариялау да үнемі насихатшы жаңалықтар санатына жатқызылады. Нақты редакциялық комментарийді кейбір станция ұсынғанмен, олардың көбі өздерінің тұрақты жа- ңалықтарының бөлігі немесе жаңалықтар тақырыбы, сонымен қатар қоғамдық істер аясында арнайы хабарламалар ретінде зерттеуші, насихатшы жаңалық- тарды жариялап тұрады. Редакциялық мақалаларды насихаттау мен зерттеуге негізделген хабарламаларды насихаттаудың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: біріншісі, әдетте арнайы және негізделген мүддені қорғайтын болса, екіншісі, қалың бұқара – тұтынушының мүддесін жиі ұсынады. Тұтынушы туралы репортаждар Насихатшы жаңалықтардың бір түрі ретінде тұтынушы репортажын айтуға болады. Паула Лайонс – ел ішінде тұтыну саласында қалам тербеп жүрген же- текші тілшілердің бірі. Оның тұтынушылық жайында жаңалықтар таратудағы мақсаты – алдампаз сату тәсілдері, саудагерлердің қулық-сұмдықтары, жалған таңбалау, өнімдер мен сервистерді таратудағы өтірік жарнама, ақылға қоным- сыз нұсқаулықтар немесе үкімет не жартылай ресми агенттіктердің талаптары және тұтынушыны алдайтын не болмаса жаңылыстыратын немесе тұрғындар бөлігін өз мүддесі үшін пайдаланатын өзге де тәсілдердегі мәселелерді зерттеп, анықтау арқылы қалың бұқараны тұтыну жағынан ағарту. Осы типтес бағдарла- ма мәтінінің тікелей фактіге негізделген әрі маңызды қалыпта жазылғаны ләзім. Бұл юморды қолдану, кейде тақырыпты келемеждеу арқылы репортажды ауди- торияға тартымды қалыпта жеткізу жолы емес екенін білдіреді. Сценарий тақы- рып аясын аша түсуі қажет. Шектеулі эфир уақытында барынша толық ақпарат анықталып, тұтынушы алданып қалуы мүмкін және тұтынушының өзін қорғай алатын нақты тәсілдері көрсетілуге тиіс.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==