Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
195 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы Лайонс тұтыну мәселелерін зерттеу және тұтынушы репортаждарын жазу- ға қатысты келесідегідей тәсілдерді ұсынады: кез келген репортаждың идеясы алуан түрлі дереккөздерден туындауы мүмкін және мұндағы басты дереккөз – авторепортердің өзі. Өзгелері нарық алаңындағы мәселелердің атын атап, түсін түстеуге көмектесетін кез келген ақпарат көзін қосады немесе тұтынушыларды, соның ішінде жеке тұтынушыны, тұтынушылық ұйымдарды, үкіметтік агенттік- тер мен медиа өкілдерін әлдебір жаңа дүниеге үйретеді. Мысалы, төменде ұсы- нылған «Кілемше заттаңбасы» (The Rugmark) атты сценарийдегі репортаждың идеясы Ұлттық тұтынушылар лигасына тиесілі. Лайонстың айтуынша, қоржыныңызда қандай да бір тақырып болса, зерт- теу жасауыңыз қажет. Мүмкіндігінше, күдік туғызған жерлерден ақпарат жи- науға тырысыңыз. Қолыңыз жететін барлық аудио, видео және баспа материа- лын жинап алыңыз. Радио және телевизия мұрағатының берері мол. Мысалы, «Rugmark» сценарийіне Лайонс «Құлдықтың келбеті» атты (Faces of Slavery) CNN деректі фильмінің бірнеше эпизодтарын қосқан. Барлық тараппен, соның ішінде тұтынушылар, саудагерлер, өндірушілер, тұтыну саласының белсенділері және белгілі бір саланың мамандарынан сұхбат алу маңызды-ақ. Көтерілген мәселе даулы сипатқа ие болса, сценарийді аяқтамас бұрын барлық тараппен сөйлесіп алғаныңыз абзал. Лайонстың айтуынша, аудио қалыптағы тұтынушы репортажын әзірлеудің бір тәсілі – алдымен барлық үздік дауыстарды, яғни басылған материалдарды тізіп қойып, сол материалдар төңірегінде сценарий құрастыру. Дегенмен видео- бағдарламаға келгенде (Лайонстың репортажы радиода да, телевизияда да жа- рия етілді), визуалды қалыпта ойлануыңыз қажет. Суреттер артқы фон ретінде ғана пайдаланылып қоймай, сюжеттен хабар беруге тиіс. «Видеодан жасалған фон» қоюдан қашыңыз. Мәтіннің кіріспе бөлімінде оқырманның көңілін аулау үшін тизер сипатындағы сөйлемдер жазыңыз. Хабарыңыздың кіріспесімен қы- зықтыру арқылы көрермен мен тыңдарман істеп жатқан жұмыстарын ысырып қойып, жасаған дүниеңізге назар аударуына тырысып бағыңыз. Кіріспенің үнемі мықты әрі өткір сипатта болуы міндетті емес. Лайонс «Кілемше заттаңбасында» қолданған тұтынушы өніміне қатысты аудитория мүшелерінің не жасағандығын анықтау тәсілін құрастыру секілді жұмсағырақ тәсілді қолдануға кеңес береді. КІЛЕМШЕ ЗАТТАҢБАСЫ 2:34 ДИКТОР: ЛИД ҚОЛДАН ТОҚЫЛҒАН ШЫҒЫС КІЛЕМДЕРІ... ОЛАР СӘНДІ ӘРІ ӘДЕМІ... АЛАЙДА КЕЙБІРІ ЖАСЫРЫН ЭТИКЕТКАМЕН ӘКЕЛІНЕДІ... ТЫМ КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАРДЫҢ ҒҰМЫРЫ. БАЛАЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ ТҮРДЕ ЕҢБЕККЕ АРАЛАСТЫРУ, РАСЫМЕН ДЕ, ЕРКІНЕН ТЫС ҚҰЛДЫҚҚА САЛУ – БҰЛ ИНДУСТРИЯДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН МӘСЕЛЕ. МҰНЫ ҚОЛДАУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛМАС ҮШІН НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ? ТҰТЫНУ САЛАСЫН ЖАҚСЫ БІЛЕТІН РЕДАКТОР
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==