Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

193 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы үшін қандай маңызы бар?» Қаламгер жұмыссыздыққа қатысты цифрлар тура- лы репортажда жұмыссыздықтың қоғамға тигізер зияны, жергілікті және мем- лекеттік салықтар мен қызметтерге ықпалы, жергілікті экономиканың күтілетін мықты және осал тұстары, жергілікті кәсіпорындардың жоғалған кірістерінің әсері, ел күткен экономикалық тоқыраудың алдын алу үшін мектеп бағдарла- маларындағы түбегейлі өзгерістер, түйткілдің ықтимал шешімдерін және ауди- тория үшін маңызын түсіндіретін өзге де маңызды салаларды қосуға болатын еді. Әрине, дәл осындай түсіндірмелі тәсілдер мемлекеттік деңгейдегі деректерді (жергілікті аспектіні қоспағанда) жария етуде қолданылуы мүмкін және халық- аралық маңызы бар мәліметтерге де пайдаланылуы мүмкін. Төртінші негізгі тәсіл – біз көбінесе кинолардан және телевизиялық шоу- лардан көріп, теле-радио жаңалықтары туралы кітаптардан оқып жүрген зерт - теу тәсілі. Репортер немесе автор жаңалықтарды одан әрі аша түседі және тіп- ті жалпы медиаға қолы жетпейтін материалды «қазып» алып және көпшілікке сол тақырып төңірегіндегі жаңа және эксклюзивті ақпарат ұсынып, жаңалықтар дайындайды . Дегенмен саяси консервативті дереккөздерге тиесілі немесе олар ба- қылайтын 90%-дан асатын АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарын ескеріп, тіпті зерттеуге негізделген репортаждың өзі берілген оқиғаның қай аспектілерін ұсы- ну қажеттілігіне келгенде ең таңдамалы тәсілге айналды. Мысалы, Никсонның Ақ үйін аямай сынап-мінейтін Washington Post басылымы өз журналистері Вудворд пен Бернстайнға бүгіндері классикалық оқиғаға айналған Уотергейт жанжалын жасауға жағдай жасап берді. Бір жағынан, медианың басым бөлігі бүгінгі күнге дейін Буштың Ақ үйі Иракқа қате жасалған барлаудың негізінде басып кіргенін әлі күнге дейін айтып жүр, негізінде, барлау мақсатқа қатысты дұрыс болған. Ал БҰҰ және АҚШ-тың қару-жараққа жауапты инспекторлары Иракта адамзатты жаппай қыратын қару-жарақтың барын айғақтайтын ешбір дәлелдің болмағанын алға тартты. ОББ (Орталық барлау басқармасы/CIA) Ирактың АҚШ-қа шабуыл жасайтыны туралы анықталған мүмкіндік аз немесе тіпті жоқ болды деп есептеді. АҚШ медиасы, әсіресе консервативті бұқаралық ақпарат құралдары мұның бар- лығын ескеріп, республикалықтар қатарына жататын президентті әрмен қарай сынаудан басын ала қашқандай сыңай танытады. Кей кездері медиа идеология- сының бәсі партиялық желінің қолдауынан да жоғары. Мұны мейнстрим медиа- ның Обама мекендеген Ақ үйдің президенттікті жалғастырудағы әрекеттері, тіпті Буштың кезіндегі Ақ үйдің америкалықтардың азаматтық бостандығына шабуыл жасауының үдеуі, соның ішінде Обаманың президент сайлаған әлдекімді негізсіз өлтіріп кету үшін ғана емес, сонымен қатар барлық америкалықтың өмірін, наны- мын және жүріс-тұрыстарын егжей-тегжейлі бақылауды жалғастыруға арналған ұшқышсыз ұшатын аппаратты қолдануы туралы ешбір жаңалық таратпауынан байқауға болады. Кейбіреулер сатқын, ал баз біреулер патриот батыр деп есеп- тейтін информаторлар Брэдли Мэннинг пен Эдвард Сноуденнің үкіметтің интер- нет әлеміндегі бұзақылық әрекеттерін ашып көрсеткен соң ғана, кейбір америка- лық медиа осыған қатысты әрекеттер мен мәселелерді ерекше маңызбен жария етті. Республикалық президент пен бұрынғы генерал Дуайт Эйзенхауэр амери- калықтарды әскери-өндірістік кешеннен абай болуы керектігі туралы ескерткен болатын, қазіргі таңда бұл кешен құрамына медиа кіретін сыңайлы. Кез келген репортаж бұған дейін талқыланған біршама тәсілдің комбинация- сы болуы мүмкін. Негізгі зерттеу тәсілі – барлық жағымды жаңалықтардағы фак- тор болуы керек. Көптеген журналистің жаңалықтардан хабарлары болғанымен, құлаққа ілмей жүрген ұран: «Егер дереккөзге иланбасаңыз, репортажға сенім арта алмайсыз».

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==