Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

5-ТАРАУ 192 Жоғарыда ұсынылған мәліметтің жалған, айғақсыз болуы міндетті емес. Бұл мысалдың тобықтай түйіні – аудитория хард жаңалық немесе жасырын коммен- тарийі бар жаңалықтар топтамасынан хабардар болып тұрғанын білу керек. Кейбір жаңалық шығарылымдарының супермаркет кассалары сөрелерін- де тұрған журналдар секілді, сенсациялық мәліметтерді саудаға салатыны бар. Есіңізде болсын, диктор аудиторияның отауына мейман, анығырақ айтсақ, жеке қонағы ретінде келеді. Оны тыңдау тәсілі бейресми, достығы жарасқан, шынайы қалыпта болғаны дұрыс (егер диктормен қайта амандасу мүмкіндігі берілсе). Жаңалықты ұсынудың кең таралған түрі – тікелей ақпарат тарату. Радиода әдетте мұндай типтегі жаңалықтар бес минуттық немесе бір минуттық сюжет- терде, ал телевизияда көбінесе жарты сағаттық бағдарламада және интернетте алуан хронометраждағы сюжеттерде ұсынылады. Кейбір тұлғалар тікелей жа- ңалықтарды жария еткеннен гөрі, оларға қатысты комментарий беруімен таны- мал. Аудитория олардан хард жаңалық емес, талдау не болмаса жеке пікір күтіп отырады. Дегенмен бұл комментарийлер кейде тікелей жаңалықтар бағдарлама- сының арасына кіріктіріліп беріледі. Жуырдағы үрдіс бірқатар ақпарат талдауы, көптеген очерктік репортаж және жекелей оқиғалардың драмалық аспектілері- не байланыстырылған. Арна немесе станция ара-тұра жаңалықтарды егжей-тег- жейлі қарастыратын арнайы ақпарат ұсынады. 1965 жылы басталған 60 Minutes бағдарламасының ұзаққа жалғасқан жетістігі- нен соң, басқа желілер осыған ұқсас Dateline, 48 Hours, және 20/20 секілді бағдар- ламалар ашып алды. Бұл бағдарламалар, күнделікті жаңалықтар бағдарлама- сына қарағанда, талдауы басым шағын деректі фильмдер жасауға бейім болды. Дей тұрғанмен, осы бағдарламалар маңызы бар оқиғалар мен мәселелерден гөрі, адами қызығушылықты қамтыған немесе қарабайыр тақырыптарға ден қойды. Өзге мұқтаждық ретінде жаңғырту тәсілін қолдануды айтуға болады, яғни мұнда жаңалықтарға жауапты команданың ақпаратты тікелей эфирде ұсына алмай немесе оларды көркемдеу үшін өзекті визуалды материалдар таба алмау себебінен, орындаушылар жаңалықтар туралы эпизодтарды ойнап шығады. Көптеген дереккөз тарапынан сын келіп түскендіктен, соның ішінде қалың көп- шіліктің, желілердің қарсылығымен, қалай болғанда да, қазіргі таңда бұл тәсіл қолданыстан шығып қалды. Жалпы жаңалықтарды тарататын бағдарламалармен қатар, халықаралық аре- на, қаржылық хабарлама, бау-бақша жаңалықтары, тұтынушылар мәселелері, білім беру және кампусқа қатысты ақпарат және осыған ұқсас салалар секілді арнайы тақырыптарға бағытталған тікелей жаңалықтар тарататын шоулар бар. Жаңалықты ұсыну тәсілдері әр маманданған категория шеңберінде түрленуі мүмкін. Мысалы, мұнда мемлекеттік қызметтің аспектілеріне немесе тарқаты- латын тақырыптың адами қызығушылыққа қатысты элементтеріне баса назар аударылуы мүмкін. Тікелей жаңалықтар ұсыну тәсілі жиі қолданыста болғанымен, кейбір ақпа- раттық бағдарламалар індете зерттелген репортаж ұсынып, белгілі бір оқиға бо- йынша мүмкін ақпараттың барлығына қол жеткізеді. Жұмыссыздыққа қатысты мысалға оралсақ, статистикадан алынған жергілікті аралық санақты қолдану, сөз етілген жұмысшының комментарийлерін талқылау және жұмысшылар мен мемлекеттік қызметкерлермен сұхбаттасу мұнда тереңдетілген тәсілдің қолдан- ғандығын көрсетеді. Үшінші негізгі тәсіл – түсіндірмелі әдіс. Мұнда негізгі фактілердің тілші ком- ментарийінің көмегімен қалың көпшілікке тікелей және болашақтағы ықпалы талданады. Автор өз-өзіне мынадай сұрақ қояды: «Мұның шынымен аудитория

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==