Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
кат куәлігін және өзінің нақты адамды қорғауға өкілеттігін куә- ландыратын ордерді көрсеткен кезде іске кіріседі. Қорғаушы - қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктінің, айып- талушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адам- ның құкықтары мен мүдделсрін занда белгіленген тәртіппен қор- ғауды жүзеге асыратын және оларға қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде заң көмегін көрсететін адам. Адвокат қорғаушы ретінде қатысады. Адвокат қылмыстық процеске қорғаушы ре- тінде қатысқан кезде қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның жазбаша арызы бойынша оларды адвокатпсн қатар кор- ғауды мына адамдардың біреуі: жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, қорғаншысы, қамқоршысы не қорғалатын адамды қорған- шылыққа немесе асырауына алған үйымның өкілі жүзеге асыра алады. Шетелдік адвокаттардың іске қорғаушылар ретінде қатыс- уына, егер бүл Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара түсіністік негізде көздел- се, заңнамада белгіленген тәртіппен жол беріледі. Адамның қорғалуға қүқығы бар куә, күдікті, айыпталушы мәртебесін алған кезінен бастап, сондай-ақ қылмыстық процес- тің кез келген келесі кезінде қорғаушы қылмыстық процеске қатысуға қүқылы. Егер қорғалуға құқығы бар куәлардың, кү- діктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың біреуінің мүддесі екіншісінің мүддесіне қайшы келетін болса, бір сол адам олардың екеуіне бірдей қорғаушы бола алмайды. Адвокаттың өзі мойнына алған қорғалуға қүқығы бар куәны, күдіктіні неме се айыпталушыны, сотталушыны, сотгалған адамды, ақталған адамды қорғаудан бас тартуға қүқығы жоқ. ҚПК-тің 67-бабында қорғаупіының міндетті қатысуы белгі- ленген. Егер: 1) бұл туралы күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтінішхат берсе; 2) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақтал- ған адам кәмелеттік жасқа толмаса; 3) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақтал- ған адам дене немесе психикалық кемістігі салдарынан өзінің қорғалу қүкығын өз бетінше жүзеге асыра алмаса; 245
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==