Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
4) көмек сұраған адамға қатысты материалдармен танысуға, іс жүргізу құжаттарындағы, тергеу және сот істеріндегі ақпаратты заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен түсіріп алуға; 5) іске қатысуға жіберілген кезден бастап өзінің қорғауында- ғы адаммен қанша болса да оңаша бетпе-бет жолығысуға; 6) заң көмегін көрсетумен байланысты туындаған және ғы- лым, техника, өнер және басқадай саладағы арнайы білім- ді керек ететін мәселелерді түсіндіру үшін шарттық негіз- де мамандар қорытындысын сұратуға; 7) әділет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органда- рының лауазымды адамдарының, соттың, сондай-ақ өзге лауазымды адамдардың көмек сұраған адамның күқықта- ры мен заң қорғайтын мүддесіне нүқсан келтіретін әреке- тіне өтініш мәлімдеуге, заңда белгіленген тәртіпте шағым келтіруге; 8) егер бұл анықтау алдын ала тергеу жүргізгенде, сотта қор- ғауды немесе өкілдікті жүзеге асыру үшін керек болса, мемлекеттік қүпия болып табылатын ақпаратпен, сондай- ақ әскери, коммерциялық, қызметтік және заңмен корғала- тын қүпиясы бар ақпаратпен танысуға; 9) заң көмегін сүраған адамның көмегін қүқыктары мен мүд- делерін қорғауда заңда тыйым салынбаған барлық құрал- дар мен тәсілдерді пайдалануға; 10) заңға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға кұқы- лы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам адвокаттың заң көмегін сұраған адамның мүддесін білдіру қүқығын мойын- даудан бас тарта алмайды. Адвокаттың заң көмегін көрсетуінің бірнеше түрі бар. Олар- дың әрқайсысын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Заң көмегінің ешкайсысы жанап өте алмайтын бір кезең, ол - тап- сырманы кабылдау. Азамат өтініп, істің мәнін және заң көмегінің ауқымын айқындағаннан кейін адвокат пен жүгінген адам өзара келісім жасайды. Заң көмегіне аса кажеттілік қылмыстық сот ісін зкүргізу- де туындайды. Адвокаттың қылмыстык іске қатысуы ҚПК-нің 66-70-баптарында белгіленген. Адвокат қорғаушы ретінде адво- 244
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==