Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

3) сенім білдірушінің өкілі ретінде азаматтық сот ісін жүргі- зуге қатысады; 4) қорғаушы немесе сснім білдірушінің өкілі ретінде қыл- мыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысады; 5) сенім білдірушінің өкілі ретінде істердің аралық соттағы, халықаралық коммерциялық арбитраждағы (соттағы) жә- не даулар шешетін өзге органдардағы талқысына қатыса- ды; 6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерді және өз- ге үйымдарда сенім білдірушінің мүдделерін қорғайды; 7) егер шет мемлекеттердің заңдарында халықаралық сот ор- гандарының жарғылық қүжаттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында басқадай белгіленбеген болса, шет мемлекеттердің мемлекеттік ор- гандарында, соттарында және қүқық қорғау органдарын- да, халықаралық сот органдарында шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында сенім білдірушінің мүд- делерін қорғайды; 8) сенім білдірушінің өкілі ретінде орындаушылық іс жұргі- зуде, сондай-ақ қылмыстық жазаның орындалуына каты- сады. Адвокаттар заңда тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көр- сетеді. Адвокат заң көмегін тегін көрсету үшін тағайындалған және адвокаттың қатысуы міндетті қылмыстық істерді қорғалушы өзі- не адвокат тандай алмаған жағдайларда басқа реттерде, көмекті қажет ететін адам адвокатты еркін тандай алады. Қылмыстық ic - тер бойынша білікті қорғауды тек адвокат жүзеге асыра алады. Адвокат, қорғаушы немесе өкіл ретінде: 1) заң көмегін сүраған адамдардың қүқыктары мен мүдде- лерін, мәселені шешу құзырына жататын барлық соттар- да, мемлекеттік және басқа органдар мен үйымдарда қор- ғауға; 2) барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес үйым- дардан адвокаттык қызметті жүзеге асыру үшін керекті мәліметтерді сұратып алуға; 3) заң көмегін корсету үшін керекті нақты мәліметтерді өз бетімен жинап, дәлелдемелер ұсынуға; 243

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==