Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

етуге және сотта корғаудың мүмкіндігін дамытуға; - егер мүмкіндік болса, қүзыретті биліктердің қүқықтық қорғау құралдарын қолдануын қамтамасыз етуге міндетті делінген. Қазақстан Республикасы Адам құқықтарының Жалпыға бір- дей Декларациясындағы барлық адамдар дүниеге келгенде еркін- дікте болады және олар өз қадір-қасиеті, табиғи қүқықтары жағы- нан тең деген қағиданы мойындайтындықтан және 2005 жылғы 28 қарашада №91 заңмен Азаматтық және саяси қүкықтар туралы Халықаралық Пакті бекітілгендіктен адам құқығын құрметтеу, сактау және қорғау мемлекеттің міндеті болып табылады. Азаматтардың білікті зандық көмек алуға конституциялық қү- кығын іске асыру әділ қазылыкка қол жеткізудің шарты мен кепіл- дігі болып табылады. Соған байланысты, жоғары конституциялық қүндылыктарды қорғау үшін республикада адвокатура институты- ның қызметін қамтамасыз ететін зандар базасы кұрылды. Адвока ­ тура адамның қүқықтары мен бостандығын қастерлейтін, заңды түлғалардың да заңды мүдделерін қамтамасыз ететін кез келген демокрагиялық қүқықтық мемлекеттегі құқықтық жүйенің қүрам- дас бөлігі болып табылады. Соған байланысты Конституцияның 16-бабының 3-бөлігінде әркімнің білікті заң көмегін алуға құқы- ғы бар делінген. Сонымен қатар, занда көзделген жағдайларда, заң көмегі тегін көрсетіледі. Конституцияда үсталған, тұгқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол үсталған, түт- қындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қор- ғаушының) көмегін пайдалануға қүқылы делінген. Адвокатураның болуының қажеттілігі халықтың басым көп- шілігінің құқықтык сауаттылығының төмендігінен, олардың өз құкықтарын тиісті деңгейде қорғай алмайтындығынан туындап отыр. Қүқықтың әртүрлі салаларын жете білетін адвокат қана оларға білікті заң көмегін көрсете алады. Адвокатура өз бастауын тарих тереңінен алады. Құкық қор- ғаудың мүндай формасы алғашқыда өзін-өзі корғау түрінде пайда болды. Сосын туыстарына өкілдік есебінде барды, кейін келе оған сыйақы алып, бөгде адамдарды да қорғауға кірісті. Адам құкы- ғын корғаудың құқықтық мазмұны күрделенгсн сайын ол функ- цияны жүзеге асыру кәсіби негізге көшті. Бұрын адвокаттарды сенімділер деп атады. Әр тарихи кезеңде олардың қызмет аясы 233

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==