Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

15-тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДВОКАТУРАСЫ 15.1. Адвокатураныц калыптасуы және дамуы Әрбір өркениетті елде адамның құқығы мен бостандығын қорғаудың сенімді әрі тиімді тетігі болуға тиіс. Адам қүқығының қорғалуын қоғамда мемлекеттік органдар ғана емес, қоғамдық бір- лестіктер де қамтамасыз етеді. Сол себептен Қазақстан Республи- касындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ әйгілі заңгер И.Я.Фойниц- кий: «Сот төрелігін ойдағыдай жүргізу адвокатсыз мүмкін емес» деген. Адам қүқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында адам- ның негізгі құқықтары көрсетілген. Бүл халықаралық қоғамдас- тық қабылдаған, азамат қүқығын қорғауға бағытталған аса ма- ңызды күжаттардың бірі. Ол адамның әмбебап қүқықтары мен бостандығына қатысты көптеген конвенциялардың, пактілердің, хаттамалардың және өзге құжаттардың бастау көзі болды. Егер халықаралық қүжаттарға жүгінетін болсақ, 1966 жылы 16 желтоқсанда кабылданған Азаматтық және саяси қүқықтар ту- ралы Халықаралық пактінің 2-бабына сәйкес оған қатысушы әр- бір мемлекет: - осы Пактіде танылған қүқығы мен бостандығы бұзылған кез келген адамның, тіптен ол бұзушылықты ресми әрекет еткен адамдар бұзса да, қүкығының тиімді тәсілдермен қорғалуын қамтамасыз етуге; - кез келген адам үшін қүқықтық қорғауға қүқықты қүзы- ретті сот, әкімшілік немесе заң шығару органдарының немесе ме^лекеттің қүқықтық жүйесінде көзделген кез келген басқа күзыретті органның белгілеуін қамтамасыз 232

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==