Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

лер қамтамасыз етілмейді. Дәлелдемелерді қамгамасыз ету мә- селесін нотариус әр нақты мән-жайға қарай шешсді. Егер ол дә- лелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі арыз негізсіз деп санаса, онда ол мұндай нотариалдық әрекеттен бас тартады, ол жайында қаулы қабылдайды. Дәлелдемелерді қамтамасыз етердс нотариус азаматтарға сұрау салады, құжаттарды, заттарды қарайды, қажет болса сараптама тағайындайды. Жазбаша және заттай дәлелдеме- лер оларды қарап шығу арқылы қамтамасыз етіледі. Нотариалдық әрекеттерді жасағанда, егер олар Қазақстан Рес- публикасының халықаралық шарттарына қайшы келмейтін бол ­ са, басқа мемлекеттердің құқық нормалары қолданылады. Но ­ тариус Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес даярланған құжаттарды қабылдайды, басқа мемлекеттердің заңдарында белгіленген куәлендіру жазуларын жасайды. Бакылау сұрақтары: 1. Қазақстандық нотариаттын дамуы қалай өтті, онда тәуелсіз жылдары қандай елеулі өзгерістер болды? 2. Нотариустың құқығы, міндеті және жауапкершілігі қай заңда белгілен- ген? 3. Нотариалдық әрекеттерді жасаудың тәртібі қалай? £ 231

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==