Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

әртүрлі болды. Классикалық орыс адвокатурасының тарихы 1864 жылғы сот реформасынан кейін басталды, ол реформа бойынша процеске бәсекелестік енгізілді, тараптар күқығы теңдестірілді, сот билігі әкімшілік биліктен бөлінді, прокуратураның ұйымдық- құқықтық және функционалдық мәртебесі өзгерді, анықтау және гергеу тәртібі өзгерді. Қазан революциясынан кейін патшалық ресейдің адвокату- расы таратылғанмен 1917 жылғы 22 қарашада №1 Сот туралы декретте атына кір келмеген, азаматтық құқықпен пайдаланушы барлық азаматтарды қылмыстық істер бойынша қорғаушы ретін- де жіберу жағы көзделді. 1918 жылғы 7 наурызда №2 Сот тура ­ лы декретпен қорғаушылар ұйымы қайта жанданды, ол «кұқықты қолдаушылар алқасы» деп аталды. Қорғау-құқық қолдаушы іске алдын ала тергеу кезеңінде жіберілді. Қазақстанда адвокатура ұйымдастыру ісінде едәуір қиыншы- лықтар болды. Қырғыз (Қазак) АССР-ы Кеңестерінің 1920 жылғы 6 қазандағы бірінші құрылтай съезінің «Кеңестік әділетті ұйым- дастыру туралы» резолюциясында әділет органдарын жергілікті жерлерде халыкқа консультация жэне сотта қорғау түрінде тегін заң көмегін көрсетуді міндеттеді. 1936 жылғы Конституция қабылданғаннан кейін, 1939 жылы 16 тамызда адвокатура туралы Ереже бекітілді, соған сәйкес ад- вокаттар алқасы өлке, облыс, автономиялык және одақтық рес ­ публика аумағында құрылды. Осыдан бастап адвокатура Әділет Халык комиссариатының оның директиваларын қатаң орындайт- ын мекемелерінің біріне айналды. Соғыстан кейінгі кезенде адвокатура жұмысының ұйымдық формасы біздің республикада өзгеріссіз қалды: жалпы басшылық Халык комиссариатының қолында қалды, тікелей басшылықты сайланбалы орган - алқалар төралқасы қолына алды. 1958 жылы 25 желтоқсанда Сот ісін жүргізу зандарының негі- зінде «сотта қорғауды жүзеге асыру және де азаматтарға, кәсіпо- рындарға, мексмелерге және үйымдарға өзге заң көмегін көрсету мақсатында адвокаттар алқасы» әрекет етті. 1977 жылы адвокатураның қүқықтык жағдайы КСРО Консти- туциясында бекімін тапты. 1979 жылы 30 қарашада КСРО-да Ад ­ вокатура туралы заңы кабылданды. Ол адвокатураны ұйымдасты- руға және оның қызметіне байланысты мәселелерді жалпыодак- 234

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==