Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астана- ның аумақтық әділет органдарында құрылатын нотариаттық қыз- метпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссияларында аттестаттаудан өтеді. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы жеті мүшеден - нотариаттық пала- таның төрағасын қоса алғанда екі нотариустан, аумақтық әділет органының екі өкілінен, құқықтанушы-ғалымнан және мәслихат- тың екі депутатынан түрады. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Респуб- ликасының Әділет министрлігі берген лицензия (нотариус ли- цензиясы) нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік береді. Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін басты лицензия болып табылады және ол Қазакстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Ал нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтініш иесіне ол қабылданған күннен бастап үш күн ішінде бас тарту себептері көрсетіле отырып жазбаша түрде дәлелді шешім беріледі. Нотариус лицензиясының күшін азаматтардың арыздары, ау- мақтық әділет органдарының, нотариаттық палаталардың, про куратура, тергеу, анықтау органдарының үсыныстары негізінде Әділет министрлігінің шешімімен тоқтатыла тұруы мүм- кін. Нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата түру туралы шешімде лицензияның қолданылуын тоқтата түрудың себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, не Республикалық нотариаттық палата- ның талап қоюы бойынша сот шешімімен «Нотариат туралы» заңның 11-бабында белгіленген жағдайларда нотариус лицен- зиясынан айырылуы мүмкін. Мемлекеттік нотариат кеңсесі аумақтык эділет органының күрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның занды тұлға құ- қығы болмайды және осы орган бекіткен Ереже негізінде жүмыс істейді. Мемлекеттік нотариат кеңселері Қазақстан Республика- сының аудандарында (калаларында) орналасады. Заңды тұлға күрмай, лицензия негізінде нотариаттық кызмет- пен айналысатын, өзінің азаматтық-құқықтык жауапкершілігін 225
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==