Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесінде зиян келтіру сал- дарынан туындайтын міндеттемелер бойынша сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған және аумақтық эділет орга- нында есепке тұру тіркеуінен өткен азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады. Нотариустың негізгі қуқыгы - жеке және заңды түлғалардың мүддесіне нотариалдық әрекеттер жасау; мәмілелердің, арыздардың және басқа құжаттар- дың жобаларын жасау; құжаттардың көшірмелерін және олардан үзінді дайындау. Керек болған жағдайда, нотариус жасалынатын нотариалдық актіде көрсетілуі тиіс мән-жайларды растау үшін жеке және заңды түлғалардан қүжаттар мен мәліметтер сүратады. Нотариалдық эрекеттер нотариалдық кеңсенің үй-жайында да, одан тыс жерде де немесе жеке қызметпен айналысатын нота- риустың офисінде жасалуы мүмкін. Егер нотариалдық әрекеттер кеңседен немесе офистен тыс жерде жасалса, онда қүжаттағы куә- лендіру жазуда және нотариалдық әрекеттерді тіркеу реестрінде нотариалдық әрекет жасалған мекенжай және уақыт көрсетіледі. Нотариалдық әрекеттер олар үшін қажетті барлық қүжаттар бе- рілген және мемлекеттік нотариус үшін мемлекеттік баж, не жеке нотариус үшін төлемақы төленген күні жасалынады. Нотариус нотариалдық әрекеттер жасауды өтінген азамат- тың, оның өкілінің немесе заңды түлға өкілінің жеке басын анық- тайды, ол үшін олардың төлқүжатын немесе жеке куәлігін тек- середі. Кәмелетке толмағанның жеке басын ата-ананың (асырап алушылардың) біреуі өз қүжатын көрсетіп және баланың туыл- ғандығы туралы куәлігін көрсетіп растайды. Мәмілелерді куәлендіргенде және кейбір нотариалдық эре- кеттер жасалғанда оларға қатысушы адамдардың қолдарының шынайы екендігі тексеріледі. Мәмілені куәлендіргенде, сол эре- кет жасалар кезде мэмілеге қатысушы азаматтың эрекет қабілет- тілігі айқындалады және заңды тұлғаның қүқық қабілеті тексе- ріледі. Мәміле жасауға өкіл қатысса оның өкілеттігі тексеріледі. Жеке тұлғаның эрекет қабілеттігі оның жеке басын куәлендіретін құжатта көрсетілген жас бойынша жэне де нотариуспен сөйлесу кезінде анықталады. Қазақстан аумағында тіркелген заңды түлға- ның қүкық қабілеттілігі оның мемлекеттік тіркелгендігі туралы куэлікпен жэне занды тұлғаның Жарғысымен анықталады. Занды тұлғаның бірінші басшысының өкілеттігі Жарғы (Ере- 226
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==