Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

жасау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды нотариусқа ол сұратқан кезден бастап он күн ішінде беруге тиіс. Өсиет туралы мәлімет, өсиеттің көшірмесі мен дубликаты мүдделі адамдарға, егер заңда басқадай көзделмеген болса, өсиет қалдырушы өлген- нен кейін ғана беріледі. Мемлекеттік нотариустардьщ және аудандық дәрежедегі қа- лалардың, елді мекендсрдің, ауылдардың әкімдерінің аппаратын- дағы лауазымды адамдардың жасайтын нотариалдық әрекетте- рінің заңдылығын, іс жүргізу ережесінің сақталуын бақылауды аумақтық әділет органдары жүзеге асырады. Нотариус - нотариат органдарының нотариаттык әрекет- тер жасайтын лауазымды адамы. Жоғары заң білімі бар, аттес- тациялық комиссияда аттестация, нотариуста кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен, нотариалдық қызметпен айналысуға ли ­ цензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады. Соттылығы заңда белгіленген тәртіпте жойылмаған немесе алынбаған, сондай-ақ әрскет қабілсттілігі жоқ немесе шектеулі деп танылған адам нотариус бола алмайды. Өзіне қатысты ак- талмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылған, ли- цензиясынан айырылғандықтан не нотариаттык іс-әрекет жасау кезінде Қазакстан Республикасы заңнамасының бүзылуына жол бергені үшін мемлекеттік нотариус қызметінен босатылғандық- тан нотариаттық қызметті тоқтатқан адам да осындай оқиға бол- ғаннан кейін бес жыл бойы нотариус бола алмайды. Жекеше және мемлекеттік нотариустардың нотариаттык қызметті жүзеге асыр- ған кездсгі қүқықтары, міндеттері тең болады. Олар ресімдеген құжаттардың бірдей заң күші болады. Нотариустың көмекіиілері мен тагылымдамадан өтуіиілері болуы мүмкін. Тагылымдамадан өтушілер тагылымдамадан өту туралы шарт негізінде жеке практикамен айналысатын нотариус- тарда немесе мемлекеттік нотариустарда тагылымдамадан өтеді. Нотариаттык қызметпен айналысу құқығына үміткер адам ау- мақтық әділет органымен немесе аумақтық нотариаттык палата- мен тагылымдамадан өту туралы шарт жасасады. Көмекші мен тагылымдамадан өтуші нотариустың нүскауымен және жауапкер- шілігімен оның нотариаттык кызметті алмастыруға тиісті емес және нотариаттңк іс жүргізу бойынша көмекші сипатта болуы мүмкін тапсырмаларын орындауға қүқылы. 224

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==