Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақы- ларды төлеу тәртібін Ішкі істер министрі белгілейді. Қызметін ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, кө- ліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар Ішкі істер органда- ры қызметкерлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкі- меті айқындайды. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезеңінде мемлекет- тік наградалармен - ордендермен марапатталған Ішкі істер ор- гандарының қызметкерлеріне қызметтен шығарылған кездегі бір- жолғы жәрдемақы мөлшері ақшалай қамтылымының екі айлықа- қысына арттырылады. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне осы Заңда көзделме- ген қосымша әлеуметтік қорғау кепілдіктерін белгілеуге қүқылы. 11.3. Қазақстан Республикасы ІІМ министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі Қазақстан Республикасы IIМ министрлігінің қылмыстык,- атқару жүйесіне соттар тағайындаған қылмыстық жазалардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкім- дік функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің және де солардың жүмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдардын жүйесі жатады. Ү кім заңды күшіне енген бойда, мемлекет қылмыстық жазаны орындайтын тиісті мекемелер мен органдар арқылы, сотталғанға белгілі бір жазаға тән құқық шектеулер жиынтығын және түзету ықпалы бар шаралар қолдануға құқық алады. Бүл қүқық шектеу ­ лер көлемі сотталғанның жынысына, азаматгығына, жасына, жаза түріне, бүрын сотталған-сотгалмағанына байланысты. Айта кету керек, сотталғандардың қүқығы мен бостандығы сот үкімі бойын- ша және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ша- мада ғана шектеледі. Мемлекет сотталғандардың және олар қандай да бір заңды қатынастармен байланысты туыстарының, жақында- рының және басқа жеке және заңды түлғалардың күқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға және корғауға кепілдік беруге тиіс. Сотталған шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шет ел азаматтары мен азаматтығы 179

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==