Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
2) үсталғаннан кейін адамға оны үстау негіздерін хабарлау- ға, оның өзіне және жақын туыстарына қарсы куәгер бол- мауға құқығы, бір рет телефон соғуға және қорғаушы алу- ға қүқығы бар екенін түсіндіруге; 3) жеке адамның ұсталғаны туралы оның жақын туыстарына хабарлауға; 4) жеке түлғалардың қүқығы мен заңды мүдделерін сақтауға, азаптауды, зорлық-зомбылықты, қатыгез, адамгершілікке жатпайтын, қадір-қасиетін қорлайтын жаза қолданбауға, қасақана тән зардабын және жан азабын тарттырмауға міндетті. Қылмыстық немесе әкімшілік құкык бүзушы- лықты жасауға айғак беруге және өзін кінәлімін деп мо- йындауға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері нысанды киіммен те- гін қамтамасыз етіледі. Тізбесін Ішкі істер министрі айқындайт- ын бөлімшелердегі лауазымдарда қызмет өткеретін ішкі істер ор- гандарының қызметкерлеріне нысанды киімнің орнына ақшалай өтемақы төленеді. Ішкі істер органдарындағы қызметте он бес және одан да көп жыл еңбек сіңірген, жасына, денсаулық жағ- дайына немесе штаттың қысқаруына байланысты Ішкі істер ор- гандарынан зейнеткерлікке шығарылған, кызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған және қызметке жарамсыз деп та- нылған кызметкерлердің салтанатқа және салтанатқа шығуға ар- налған нысанды киім киіп жүруге қүкығы бар. Заңда белгіленген ішкі істер органдарында қызмет атқарудың ерекше сипаты мен қызметкерлердің жауапкершілігі қосымша әлеуметтік қүқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі. Ішкі істер органдары қызметкерінің бір елді мекеннен елу ки- лометрден асатын қашықтыктағы екінші елді мекенге көшуіне байланысты қызметі ауысқан және жоғарылаған кезде оған қыз- меткердің өзіне екі айлык ақшалай қамтылым мөлшерінде және онымен бірге көшкен әрбір отбасы мүшесіне жарты айлык акша- лай қамтылым мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді. Ішкі ic - тер органдары қызметкерінің қызметі ауысқан және жоғарылаған кезде оған он тоннаға дейінгі жеке мүлкінің тасымалы үшін, сон- дай-ақ онымен бірге көшкен отбасы мүшелерін коса алғанда, те- міржол, су, автомобиль колігінің жолақысы үшін шығындардың мемлекет есебінен орны толтырылады. 178
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==