Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

жағдайында, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде Ішкі істер органдарының қызметкерін тұрақты орналасқан пунк- тінен тыс жерде оған жүктелген міндеттерді орындауға тартуға: қызметтік уақыт режімін өзгертуге, оған қосымша міндеттер жүк- теуге, басқа жерге іссапармен жіберуге, қызмет сипатын өзгерт- пей, басқа бөлімшеге уақытша ауыстыруға, сондай-ақ қызметкер- дің келісімінсіз өзге де срекше жағдайлар мен қосымша шектеу- лер белгілеуге жол беріледі. Мұндай жағдайларда Ішкі істер ор- гандары қызметкерінің қызмет мерзімінің бір күні үш күн болып есептеледі және үш есе мөлшерде ақшалай қамтылым төленеді. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Респуб- ликасының бүкіл аумағында, атқаратын лауазымына, уақытқа қарамастан, оларға қылмыстық немесе әкімшілік қүқық бұзушы- лық туралы арыз немесе хабар берілген жағдайда не ол тікелей анықталған жағдайда құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу, жәрдемге мұқтаждарға көмек көрсету, окиға болған орынды күзе- ту, сондай-ақ жақын жердегі Ішкі істер органдарын хабардар ету жөнінде шаралар колдануға міндетті. Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша Жол жүрісі қауіпсіз- дігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылады. Ішкі істер органдары кызметкерлерінің жеке адамдардың құқықтарын уақытша шектейтін әрекеттері «Заң атымен» деген сөздерді айта отырып жасалады. Әрбір адам мұндай жағдайда белсенді әрекетін тоқтатып, Ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарына мүлтіксіз бағынуға және оның кызметтік міндетте- рін атқарумен байланысты нүсқауларын орындауға міндетті. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арнаулы қүралдарды, атыс қар- уын және өзге де каруды алып жүруге, сактауға және қолдануға, дене күшін, оның ішінде жауынгерлік күрес тәсілдерін колдануға құқығы бар. Арнаулы құралдарды, атыс қаруы мен өзге де қаруды және дене күшін колдану тәртібі «Қүкық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңында айқындалады. Қызметкерлер Ішкі істер органдарының өкілеттіктерін іске асыру кезінде: 1) жеке адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін таныстыруға және қызметтік куәлігін көрсетуге;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==