Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
тұрған сот алдында соттардың заңсыз қаулыларын бұзу немесе өзгерту туралы мәселе қойылады. Сот пен прокуратура арасын- дағы мұндай қатынас өзара әрекеттестіктің бір формасы болып табылады, ол заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құкықтарын қорғау үшін қажет. Мемлекеттік органдардың әкімшілік қызметі экімшілік іс жүргізу заңнамасымен регламенгтелген, онда әкімшілік құкық бұзушылық туралы іс қозғаудың тәртібі мен шарты; хаттама жа- сауға талаптар; бұл істерді козғауға және қарауға уәкілетті адам- дар; құкық бүзушылық туралы материалдарды қарау мерзімдері және т.б. анықталған. Жыл сайын әкімшілік процеске құқықтары бұзылған мыңдаған азаматтар, занды тұлғалар қатысады. Проку- рорлық қадағалаудың бұл бағыты кең ауқымды, себебі күшіндегі заңға сәйкес кырыққа жуық уәкілетті мемлекеттік органдар мен соттарға, олардың лауазымды адамдарына әкімшілік күкык бүзу- шылық туралы іс қозғауға және әкімшілік жаза қолдануға қүқық берілген. Қадағалауды жүзеге асырғанда прокуратура органдары аза маттар мен лауазымды адамдарды жауапқа тартудың заңдылығын тексеруге, оларға әкімшілік жаза заңсыз колданылған жағдайда оған шара қабылдауға міндетті. Азаматтарды әкімшілік жолмен ұстаудың және қамауга алу- дың заңдылығын қадағалаудың да маңыздылығы бар. Полиция органдарында адамды әкімшілік жолмен ұстаудың заңдылығын прокурор тәуліктің кез келген уакытында тексере алады. Проку- рордың әкімшілік жолмен қамауға алу жөніндегі сот қаулысы- на келтірген наразылығы оны келтірген кезден бастап бір тәулік ішінде қаралуға жатады. Атқарушылъщ жүргізудің заңдылыгын кадағалау екі түрге бөлінеді: біріншісі, сот тағайындаған жазаны нсмесе басқадай мәжбүрлеу сипатындағы шараларды орындағанда; бас бостанды- ғынан айырумен байланысты емес жазаны орындағанда адамнын бас бостандығынан айыру орындарында болуының зандылығын қадағалау, екіншісі, азаматтық және басқа істер бойынша сот ше- шімдерін орындаудың заңдылығын қадағалау. Қылмыстык жазаларды орындау тәртібі заң актілерінің жиын- тығымен регламенттелген, олардың ең негізгісі - қылмыстық-ат- қару кодекс і. 149
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==