Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Қылмыстық жазаны орындау саласында прокуратура заң бұ- зушылықты айқындау және тыюға, бұзылған зандылықты қалпы- на келтіру үшін шара қолдануға жеткілікті функциялары, өкілет- тіктері және құқықтық қүралы бар бірден-бір орган. Атқарушы- лық іс жүргізгенде зандылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурор: азаматтардың қүқыктары мен мүдделерін қорғау туралы істер бойынша, сондай-ақ прокурордың талапта- ры мен арыздары бойынша атқарушылық іс жүргізуді тексеруге; сот тағайындаған жазалар немесе басқадай мәжбүрлеу шаралары орындалатын бас бостандығынан айыру орындары мен өзге ме- кемелерді тексеру мақсатында кез келген уақытта кіріп шығуға; ұсталғандардан, қамауға алынғандардан, сотталғандардан және мәжбүрлеу сипатындағы шара қолданылған адамдардан жауап алуға; бүл адамдарды ұстауға, қамауға және олардың жаза өте- уіне негіз болған қүжаттарды сұратып алуға құқылы. Өзі қадағалау жүргізетін мекемелердегі адамдармен кез кел ­ ген уақытта жолығуға және оларға қатысты барлық қүжаттармен танысуға прокурордың құқы бар және ол соттың заңға қайшы ак- тілеріне наразылық келтіруге міндетті. Прокуратура «Прокуратура туралы» Занда және қылмыстық- іс жүргізу зандарында белгіленген шектерде қылмыстық куда- лауды жүзеге асыра алады. Жасалған қылмыс үшін прокурату- раның қылмыстық қудалау жүргізуі кадағалау органының дербес функциясы болып табылады, ол «Прокуратура туралы» Заңның өзінше тарауында қарастырылған. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде прокурор оқи- ға орнын қарауға қатыса алады, ол сараптама тағайындауға және қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін қажетті баска да деректерді жүзеге асыруға қүкылы. Тергеудің толық еместігі және әділ еместігі туралы фактілер анықталса, іс күрделі және маңызды болса, кейбір жағдайларда Бас прокурор тергеу тобын құрады. Қазіргі кезде қылмыстық ic - тер бойынша алдын ала тергеуді прокурорлар да жүргізе алады. Қүқықтык саясаттың 2010-2020 жылдарға арналған Тұжырымда- масында прокурордың сотқа дейінгі іс жүргізудегі рөлі мен жа- уапкершілігін арттыру керектігі көрсетілген. Прокурордың заң бүзушылықты жою, құқық бұзушылықтың жолын кесу, зайдылықты қалпына келтіру, Заңның бұзылу сал- дарынан болған зардаптарды қалпына келтіру жөніндегі өкілет- 150

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==