Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

жүргізгенде тәуелсіз болады және тек заңға бағынады. Сонымен қатар, іс бойынша заңсыз сот актісі анықталған жағдайда проку ­ рор ондай актіге іс жүргізу заңдарының нормаларына сәйкес на- разылық келтіруге міндетті. Қылмыстык, істерді сотта қарағанда прокурор, атқарып жүр- ген қызметіне қарамастан, заңда белгіленген мемлекеттік айып- таушы мәртебесін алады, сотта елеулі тұлғаға айналады. Казак- стан Республикасының Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес, жеке айыптау істерінен басқаларда, прокурордың мемлекеттік айыптаушы ретінде бас сот талқысына міндетті түрде қатысуы туралы заң нормасы 2000 жылдың каңтарынан күшіне енді. Сотта мемлекеттік айыптауды қолдау прокурорлық қызмет- тің маңызды түстарының бірі. Прокурор айыптауды жеткілікті дәлелдемелер болғанда ғана қолдайды және сотталушыны айып- тайтын да, оның пайдасына жарайтын да дәлелдемелерді сот- тын жан-жақты зерттеуіне көмектеседі, яғни прокурор сотта тек мемлекеттік айыптау өкілі ғана емес, күқык қорғау функциясын орындаушы лауазымды адам да болуға тиіс. Апелляциялык жүргізу дегеніміз - сот қызметін жоғары түр- ған сот тарапынан бақылаудың маңызды формаларының бірі, ол сот актілерінің заңдылығын жедел тексеріп, олар жіберген қате- ліктерді түзетуге мүмкіндік береді. Апелляциялық жүргізу кезе- ңіндегі прокурорлардың міндеті, бәрінен бұрын, азаматтык және қылмыстық іс материалдарын уақытында және толық тексеру, соттардың іс материалдарына сәйкес келмейтін және заңға қай- шы үкімдері мен қаулыларына наразылық келтіру. Заңды күшіне енген үкімдерді, қаулыларды және шешімдерді қайта қарау қадағалау ретінде іс жүргізу деп аталады, ол азамат ­ тык және кылмыстық процестің сот қазылығын жүзеге асыруға кепілдік беретін бір кезеңі. Қадағалау ретінде іс жүргізуге өзінің қүкықтык тегі және іс жүргізудегі маңыздылығы жағынан жаңа ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта жаңғыртуға жақын түр. Заңдылықты сақтау және қүкык қорғау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында прокуратура мен сот өзара қарым-қатынастықта болады, өзара бақылау жасайды. Прокурорлық актілерде көрініс тапқан қүкықтық позицияда міндеттейтін және алдын ала белгіленген күш жоқ, тек жоғары 148

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==