Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
7.3. Конституциялық іс жүргізу және оған қатысушылардың құқыктары мен міндеттері Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар болып өтініштері бойынша конституциялық іс қозғалып отырған мына адамдар мен органдар танылады: 1) Республика Президенті; 2) Парламент Сенатының Төрағасы; 3) Парламент Мәжілісінің Төрағасы; 4) өздерінің жалпы санының кемінде бестен бірі болатын Парламент депутаттары; 5) Премьер-Министрі; 6) Республика соттары; 7) актілерінің конституциялылығы тексерілетін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Қажет болған жағдайда конституциялық іс жүргізуге қаты- сушылар Конституциялық Кеңеске өз өкілдерін жібере алады, олардың өкілеттігі азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен ресімделеді. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың төмендегідей қүкықтары мен міндеттері бар. Олар конституциялық іс жүргізу- ге қатысушылар өкілеттігі шегінде тең іс жүргізу қүқықтарын пайдаланады. Оның ішінде іс жүргізуге қатысушылар: 1) іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардың қысқаша үзінділері мен көшірмелерін алуға; 2) дәлелдер келтіруге, оларды зерттеуге қатысуға және өтініштері мен қарсылықтарының негізі ретінде өздері сілтеме жасап отырған мән-жайларды дәлелдеуге; 3) конституциялық іс жүргізу барысында туындайтын бар- лык мәселелер бойынша өздерінін дәйектері мен ойларын Конституциялық Кеңеске айтуға; 4) өтініштерін мәлімдеуге және мәлімденген өтініштер бо йынша өз пікірін айтуға; 5) Конституциялық кеңеске ауызша және жазбаша түсініктер беруге хақылы. Конституциялық іс жүргізуге қатысушының өтініші бойынша конституциялық іс қозғалған қатысушының Конституциялық ке- ңестің қорытынДы шешімі қабылданатын отырысы басталғанға 116
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==