Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
дейін өтінішінің негізін өзгертуге, оның көлемін ұлғайтуға не- месе азайтуға, өтінішінен бас тартуға хақылы. Соның актілеріне орай конституциялық іс қозғалған қатысуіпынын өтінішінде мәлімделген талаптарды толық немесе ішінара мойындауға не оларға қарсылық білдіруге хақылы. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар өз құкықтарын адал пайдалануға міндетті. Олардың Конституциялық кеңеске көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы немесе Конституциялык Кеңес талап еткен қүжаттарды, материалдар мен өзге де ақпа- ратты бермеуі Конституциялық кеңесті қүрметтемеу ретінде ба- ғаланады және заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Олар Республика Конституциясына, Конституциялық кеңеске, оның талаптарына және Конституциялык Кеңесте қабылданған рәсімдерге қүрметпен қарауға тиіс және төрағалық етушінің оты- рыс тәртібін сактау туралы өкімдеріне бағынуға міндетті. Конс титуциялык кеңеске өтініш жазбаша түрде беріледі. Іс жүргізуге қабылданған өтінішті Конституциялык Кеңес- тің отырысында қарап, Конституциялык Кеңестің Төрағасы өз өкімімен материалдар әзірлеуді жүзеге асыратын Кеңестің мү- шесін белгілейді. Келіп түскен өтініштің айрықша күрделілігіне, не оның аса маңыздылығына немесе жеделдігіне орай материал- дарды әзірлеу кеңестің бірнеше мүшесіне тапсырылуы да мүмкін. Іс жүргізуге қабылданған өтініш бойынша Конституциялык Ке- ңестің мүіпесі конституциялык іс жүргізуге қатысушыларды белгілейді, оларға осы Конституциялык заңда көзделген құқық- тары мен міндеттерін түсіндіреді. Өтініштің мәніне қатысы бар қажетті қүжаттар мен өзге де ақпаратты талап етіп алдырады. Қажет болған жағдайда тиісті лауазымды адамдарға сүрау салады, ғалымдарды, практикалық кызметкерлерді мамандар, сарапшылар ретінде тартып, тексеру- лер, зерттеулер жүргізуді, сараптама жасауды тапсырады. Сосын Конституциялык Кеңес шешімінін жобасын әзірлейді. Әзірлік жұ- мысы аяқталғаннан кейін Конституциялык Кеңестің Төрағасы өз өкімімен Конституциялык кеңес отырысының күнін белгілейді, онда өтініште қойылған мәселелердің мән-жайы қаралады. Әрбір мәселені қарау Конституциялык Кеңес мүпіесінің баян- дамашының сөзінен басталады, ол мәселенің мән-жайын, оның қаралу себебі мен негізін, қолда бар материалдардың мазмүнын 117
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==