Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

таттары сайлауының; республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешеді. Ал Конституцияның 72- бабы 1-тармағының 2), 2-1), 3) тармақшаларына сәйкес: Парла ­ мент қабылдаған заңдардың Президент қол қойғанға дейін; Пар ­ ламент және оның Палаталары қабылдаған қаулылардың; респуб- ликаның халықаралық шарттарының олар ратификацияланғанға дейін Конституцияға сәйкестігін қарайды. Одан баска: Консти ­ туция нормаларына ресми түсіндірме; Парламент тиісінше рес ­ публика Президентін мерзімінен бұрын қызметінен босату ту ­ ралы шешім, Республика Президентін қызметінен кетіру туралы түпкілікті шешім қабылдағанға дейін - белгіленген конститу- циялық рәсімдердің сакталуы туралы қорытынды береді. Конституциялық Кеңес егер сот Конституцияның 78-бабына сәйкес қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтік құ- қықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп қараса, сот- тардың актіні конституциялық емес деп тану туралы өтініштерін қарайды және де конституциялық іс жүргізу практикасын қорыту нәтижелері бойынша жыл сайын Парламентке республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жібереді. Сайлаулар мен референдум өткізуге конституциялық ба- қылау. Жалпы халықтык дауыс берудің мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінде алатын орны ерекше. Сайлау жүйесінің каншалықты жетілгендігіне қарап демократиялық дәстүрлердің дамығандығы- ның дәрежесін пайымдауға болады. Дегенмен, шет елдердің тәжі- рибесі көрсетіп отырғандай, сайлаулар мен референдумдар ешбір елде мінсіз өтпейді, олар ұдайы жетілдіріп отыруды керек ете- ді. Бұл саланы бакылау конституциялық бақылау органдарының маңызды міндеттерінің бірі. Конституциялық Кеңестің құзыреті, оның қызметін ауырлатпау үшін, тек республиканың мемлекеттік билігінің жоғары органдарын сайлауға ғана таралады. Зацдарды алдын ала конституцияльщ бақылау. Зандарды Конституциялық Кеңестің олар заңды күшіне кір- генше тексеруінде аса маңызды ерекшелік бар, ол Конститу- цияны қорғаудың үтымды тәсілі болып табылады. Алдын ала бақылаудың артықшылығы мынада: біріншіден, ол конституциялық заңдылықтың бүзылуының дер кезінде алдын 112

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==