Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
алуға мүмкіндік береді және көптеген заңға қосымша актілерді бұзу проблемасын жойып, заңнаманың тұрақтылығына көмегін тигізеді, заңнаманың беделін сақтайды, ал бақылау алдын ала жүргізілмесе оларға қол жеткізу мүмкін емес; екіншіден, ол Рес публика Президентіне, сондай-ақ Премьер-министрге Парламе- нттің өкілеттіктерді Конституцияда белгіленгеннен басқаша бе луге талпынысын тоқтатуға мүмкіндік береді. Конституциялық бақылау және халықаралық шарттар. Мемлекет пен қоғамдағы конституциялық заңдылықтың айт- арлықтай аспектісі мемлекеттің және оның органдарының сырт- қы саяси қызметінің Конституцияның нормалары мен принцип- теріне сәйкестігі. Халықаралық шарттарды Конституциялық кеңестің бақылау юрисдикциясына кіргізу оған өзінің негізгі функциясын жүзеге асыруына - Конституцияның тек мемлекет ішіндегі көздерге ғана емес, халықаралық қүқыкка да қатысты үстемдігін қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Соған байланыс- ты ішкі заңнама мен халықаралық қүқық нормалары арасындағы өзара қатынастар проблемасы маңыздылықка ие болады. Негізгі заңның 8-бабында «Қазақстан Республикасы халықара- лық құқықтық принциптері мен нормаларын қүрметтейді, мемле- кеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қаты- нас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді» делінген. Халықаралық құқық пен үлттық қүқықтык жүйе ара- сындағы байланыс осы үғымда әрі қарай даму алды. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық қүқықтың көп- шілік мойындаған нормаларына бағдар алған үлттық заңнаманың қалыптасуына қүқықтық негіз болып отыр. Конституциялық Кеңес Парламент бекітетін халықаралық шартгардың елдің Негізгі Заңына сәйкестігін қарауға құкылы, ол дегеніміз - алдын ала тексеруді деген сөз. 1995 жылғы Конститу ция республика бекіткен халықаралық шарттардың оның заңдары алдындағы басымдығы және оларды тікелей қолдану туралы ере- же белгіледі. Халықаралық шартты бекітуге дейін тексеру бүл шарттың мемлекет үшін міндетті болған бойда ішкі заңнама алдында үс- темдік жасауына жол бермейді. Бұл бірқатар проблемалар туды- руы мүмкін, себебі халықаралық шарттың не оның кейбір бап- 547-8 113
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==