Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

кеңестің Төрағасын немесе мүшесін қылмыстық жауапқа тартуға келісімін беру жөнінде Парламентке ұсыныс енгізеді. Конститу- циялық Кеңестің Төрағасына немесе мүшесінс қатысты кылмыс- тық іс Жоғарғы Соттың қарауына жатады. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды. Егер өкілеттігі Конституииялық заңға сәйкес тоқтатылмаған болса, Конституциялық кеңестің мү- шесін Конституциялық Кеңестің отырысына қатысудан ешкім шеттете алмайды. Конституциялық Кеңестің қызметін қаржыландыру респуб- ликалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ақпарат- тық-анықтамалық, ғылыми-консультациялық және өзге көмекші жүмыстарды Конституциялық Кеңестің аппараты атқарады, оның қызметі қолданылып жүрген зандармен, Конституциялық Кеңес регламентімен және Конституциялық Кеңестің аппараты туралы ережемен реттеледі. Конституциялық Кеңес республика Президентінің, Парламент дапутаттарының сайлауын өткізудің, республикалық референдум өткізудің дүрыстығы туралы мәселені шешеді; Парламент қабыл- даған заңның Конституцияға сай екендігін Президент қол қой- ғанша қарайды; Парламенттің және оның Палаталарының қаулы- ларының Конституцияға сай ексндігін, халыкаралық шарттарды бекігілгенге дейін қарайды. Конституциялық Кеңес өз қызметін кадрлармен, ақпаратпен және басқадай қамтамасыз ету мәселесін тәуелсіз және дербес өзі шешеді, онда үйымдық, құқықтык және басқа қосалқы жүмыстарды орындайтын өз аппараты болады. Конституциялык Ксңсстің қүзырсті оның материалдық-қү- қықтық, іс жүргізушілік және ұйымдық өкілеттіктерінің жиынты- ғынан тұрады. Конституциялық-құқықтык мәселелер мен даулар құзыреттің заты болып табылады. Бұл конституциялық бақылау органдарының нақты өкілеттіктерінің мазмүнын ғана білдірмей- ді, мұндай мәсслелсрді шеіиудің айрыкша принципінің кейбір мемлекеттердің заңдарында бекімін табатындығын көрсетеді. Конституциялык Кеңестің Конституцияда белгіленген қүзыреті- нің ауқымы өз мазмұны жағынан жабық және өкілеттіктердің бір- неше тобынан тұрады. Конституциялык Кеңсс дау туған жағдайда Конституцияға сәйкес Республика Президенті сайлауының; Парламент депу- 111

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==